"Қыз жоқ қой"

"Қыз жоқ қой"
жеке
блог

«Неге үйленбейсің?» деген бойдақтарға қойылатын ең көп сұрақ шығар. «Қыз жоқ қой» деген жауап та солардың ауыздарынан жиі шығады. Құдай-ау! Жігіттен қыз көп, қыз көп деп шулап жататын өздерің емес пе? «Біз әйелдерден азбыз» деп сайрап жататын да сендер ғой. Ендеше сол шұбырған әйел адамдарының арасынан неге бірін таңдап алмайсыңдар а?

Қыз көп. Қыз көөөөп қой. Менің айналам толған нағыз қазақтың әйелі, анасы болатын бойжеткендер. Олардың жақсы жар боларына мен бәс тігем. Бірақ соны аңғармайсыңдар ғой, айналайын ағаларым мен інілерім!

Жігіттерден сұрайсың ғой «Болашақ жарыңның қандай болғанын қалайсың?» деп. Бәрінің айтатыны: «Иманды, ибалы, сұлу, пысық, ақылына көркі сай, салмақты, сабырлы» анау-мынау. Ондай қызды түсіңде көресің! Барлық күшті қасиеттің бәрінің бір адам бойында болуы мүмкін емес шығар. Мүмкін мен қателесіп те тұрған шығармын. Бірақ біз жақсы деп тапқан қасиеттің бәрі бойында бар, онымен қоса сұп-сұлу ару бар болса оған не көзіміз тиеді, не сөзіміз тиеді. Мінсіз қызды іздейді ғой біздің серілер. Кейбірі мінсіз деуге келетін қызды табады да. Бірақ соны бағалауға келгенде тормоз болады ғой. Әйтеуір жақпай қалады.

 "Қыз жоқ, қыз жоқ" деп қолда бар алтын қыздардан айрылып қалмаңдар ТАҚ ШТО!)