Қазақта «қыз – жат жұрттық» деген сөз бар. Оның мағынасын ашып отырудың өзін артық деп ойлаймын. Қыздың жат жұрттық екенін үйіндегілері кішкентай кезінен құлақтарына құйып өсіреді. «Сен жат жұрттікісің» деп тікелей айтпаса да, «барған жеріңде ата-анасы қалай тәрбиелеген деп айтып отырады» деген сөздермен жеткізіп отырған. Мысалы, мені солай өсірді. Біздің көпшілік ортада өзімізді ұстауымыз, жақсы я жаман болуымыздың барлығы ата-анамыздың берген тәрбисенің арқасы. Хотя ешкім баласын жаман болсын деп тәрбиелемейді ғой. Олар бізге ақылын айтады, ал оны санамызға ілі/ілмеу балаға қалдырылатын дүние секілді. Ата-ана туралы, олардың берген тәрбиесі туралы жаза берсең сөз таусылмайды ғой. Бірақ, мен бұл жолы қыздардың жат жұртқа барғандағы әрекетін тілге тиек еткім келіп отыр.
Сіз ұзатылдыңыз. Енді басқа үйдің түтінін түтетіп отырсыз. Ой, басқа үйдің деппін ғой, келін болып түскен шаңырақ сіздің де шаңырағыңыз ғой ендігісі :) Сол, енді сіз ата-анаңыздың үйіне тек қонақ болып келесіз. Ойымды жеткізу үшін біреуді кейіпкер ретінде алып, сол туралы айтайыншы.
Айгүл тұрмысқа шықты. Бес ағасы, бір әпкесі және бір сіңлісі бар еді. Ағаларының барлығы бүгінде үбірлі-шүбірлі. Әпкесі де. Сіңлісінің де балалары бар. Айгүл қалада тұратын. Ол күнде мамасымен телефон арқылы сөйлесіп отырады. Жағдайын сұрасып болғаннан соң, туыстары туралы әңгімелейді. «Ағасының үлкен қызы неголай жасайды, былай жасасын. Пәленше неге сізбен ақылдаспайды? Түгеншенің күйуеі неге өйтеді? Анау неге, мынау неге...» деп, төркін үйіндегілердің әр ісіне баға беріп, арасында анасына ақыл айтып та отырады. Сөз арасында өз үйінде болып жатқан барлық әрекетті «от и до» әңгімелеп береді. Сөйтіп, оның не істеп жатқанын бүкіл ел біледі.
Енді мені мазалайтын бір сұрақ: Қыздыардың келін болып, босаға аттаған соң, төркін үйіндегі шаруаларға араласқаны дұрыс па?
Өзім мұндайды құп көрмеймін. Жоғарыда қыздың жат жұрттық екенін сол үшін айтқан болатнмын. Қыз келін болды ма, бітті. Оған үйдің, точнее, төркіннің шаруасы жат болады. Қазіргі таңда ажырасудың басты себептерінің бірі ретінде осы мысалды айтар едім. Сіз қалай ойлайсыз? Сіздің ойыңызша, келіндердің ата-анасының, ағаларының отбасындағы шаруаларға, олардың жеке проблемаларына араласқаны дұрыс па?
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e