Қыз ғұмыры

Қыз ғұмыры
жеке
блог

   Үйіне жақындады. Кеше ғана ата-анасы маңдайынан иіскеп "жалғызым, көзімнің қарашығы" деп еркелетіп, өзі де ерке құлындай ойнақтап жүрген туған үйі мұны жатырқап тұрғандай тым суық көрінді. Тұла бойы қалтырап, көз жанары тағы жасқа шалынады. Дауыс шығаруға дем жетпей тылықси берген Назды Асан төсегіне әкеліп жатқызды. Құшағына қысып, көңіл жұбатар жылы сөздерін төгіп жатыр. Әке құшағын, ана алақанын сағынып қалған Назды мына сөздер тіпті  егілтті . Жаны жаралы қыздың көңілін табу Асанға қиынға түспеді.

   ...Араға бірнеше ай салып Наз бойындағы өзгерісті байқады. Дәл қазір күткені бұл емес еді, десе де ана атанатынына селкеу жүрек қуанып қалды. Жаңалығын Асанға жеткізуге асықты. Ол болса анасының ауыр хәлде жатқаның айтып үйдегі бағалы деген заттардың бірәзін Наздың рұқсатымен сатып, ақшасын қалтаға басып кеткелі 3 күн болды әлі келмей жатыр. "Анам ауыр хәлде" дегенді естіген қыз жүрегі шыдамаған. Өз анасынан қапыда айырылып қалған шерлі жүрек сүйіктісінің анасының амандығын тілеп, айтқанына келіскен.

    Сырттан аяқ тықыры естілді. Бұл орнынан тұрғанша екпіндей басып, Асан да кірп келді. Жарын сағынып қалғандай құшақтап, аймалап, сүйіп жатыр. Наз да сағынышын жасырмай-ақ наздануда. Дастархан басында жақында сәбилі болатындарын жеткізді. Асанның қабағының қыртия қалғаның қыз жанары ааңғарып қалды, бірақ анасына аландап отырған болар деп мән бермеді.

    Ертесі Асан "Қазір нағыз технологияның дамыған заманы, болашағы бар қалада өссін, қаладан үй алайық" деп үйді сату жайлы ойын білдірді. Наз басында қарсылық танытса да ойлана келе келісті. Қыруар ақша қалтасына түскен Асан қаладан шағын үй қарастырам деп ұшты-күйлі жоқ болды. Бұл Асанның әккі тірлігінің кезекті әрекеті екенің ол кезде, әрине, қыз жүрегі сезген жоқ еді...

 Құрбысының қасында күйеуін сарыла күтумен болған Наз үмітін үзбеді. Айы-күні жақындап та қалды. Төрт қабырғада қамалып құрбысының келуін күтумен таңды атырып, кешті батырып күнін өткізіп жатты. Шыдамай, бірте-бірте құрбысының алдынан шығып күтіп алуды әдетке айналдырды. Бір шеті атза ауада жүріп қйту ойдан арылтты. Күздің кеші денені шымырлатардай салқын екен. Жылы үйден шыққан тұла бойы суық ауаны жатырқағандай бір сілкініп алды. Ақырын басып құрбысы түсетін аялдамаға бет алды. Жаяу жүргіншінге арналған жолдан өтіп бара жатқаны сол еді асфальтты жырта тоқтаған көліктің даусын естіді, қарап үлгерместен ұшып түсті. Қанша уақыт жатқаның білмейді, есін жиып, кірпігін ауыр қимылдатып көзін ашты. Қумалаған халықтан баласының жайын білгісі келді, санасы сайрап жатқанымен тілі сөйлеуге келмеді. Басы шыңылдап, көзі қаруытып қайта талықсып кетті. Сол мезгіл жедел-жәрдем көлігі де келіп үлгерді. Бірақ... бәрі кеш еді. Аурухана есігін қайта ашқысы келмегендей қыз жүрегі соғуын таоқтатқан-ды. Фәни дүниеде бақыт таппаған бала жүрегі әке-шешесінің қасынан жұбаныш іздеуге аттанып кетті...