ҚЫЗ ЕМЕС ҚАЗІРГІНІҢ КӨБІ ҚАТЫН!!! ҚАЗАҚТАР ОЙЛАНЫҢДАР
блог
«Қыз емес қазіргінің көбі қатын»
Ассалау мағалейкум елім менің,
Әльхамдулилла мұсылман жеріндемін.
Артымызға алдымызға бір қарайық,
Қазағымның жігіттері бір болайық.
Көз жұма қарайтындай жай болмай тұр,
Қазақ қызы қазағыма сай болмай тұр.
Бұл күнде қазағымның қыздарына,
Тастай батып судай сіңер жай болмай тұр.
Қыз емес қазіргінің көбі қатын,
Қыз деп қызықтырып қойған атын.
Деген сөз жайдан-жай шықпас еді,
Қазақ қызы аяқ асты жатпас еді.
Әрине бес саусақта бірдей емес,
Қыз көрінген барлығы гүлдей емес.
Ар ұятын сақтауды ұмытқандай,
Арсыздық олар үшін міндей емес.
Жігіттер сендерге де айтарым бар,
Нәпсіден бойларыңды қайтарыңдар.
Некесіз төсекті егер тоқтатпасақ,
Қазақ қызын кім көрінген таптап басар.
29.11.2011 20-27 Жубаев Е.А