Қыз елдің көркі...

Қыз елдің көркі...
жеке
блог

Қызым, бастық болам, мансап қуам деп босқа шабылма. Сенің өмірлік миссияң ақша табу емес, перзент табу. Зейнепті оқы, қалай "қазақ келінінің эталонына" айналды екен. Ұлпанды оқы, қаршадай кезінде қалай бүкіл ел анасына айналғанын. Зере мен Ұлжанды таны, өз жүрегі үзіліп бара жатса да, баласына алдымен әкесіне амандасуын үйрететін дана болуы үшін қандай жолдардан өтті екен? Жеңгелеріңе қара, ибалысынан ғибрат ал, қате қадамынан сабақ ал. Ежелгі келіндердей кесте тікпесең де, түрлі тағам әзірлеп үйрен, барған жеріңде түк үйренбепті деп бетіңе салық етпесін. Тым құрығанда бір кашаны жақсылап былғап бере алмасаң, қыз баласына үлкееен сын. Сосын енеңді жамандайсың. Ол жаман болса, "мама" деп іші-бауырына кіре алмаған сен де жамансың. Жалғыз жолдасыңның қас-қабағына қарап бабын таба біл, ұрсып жатса да күліп, еркелеп қана жеңесің деееп ақыл айтып отыратын күнге қашан келер екенбіз, ә?! ☺ ☺ ☺ «Дені дұрыс» қыздар көлденең кезіккен көк аттымен таныса кетпейді. Жігітке жырпыңдап жөнсіз бірінші боп хабарласпайды. Киноға барып қайтайық, отырып әңгіме айтайық дегендерге ере бермейді, болашағы болмайтынын біле тұра, босқа үміттендірмейді. Көңілін білдірген желөкпелерге де тез сене салмайды, уақытша сынымнан өтсін, назыма көнсін дейді. Ал қазіргі жігіттер, керісінше, ондай "старомодная" қыздарға: "бір жігіттің басына жеті қыздан, бірден дегеніме көн, болмаса жолың әне, басқа қыз көп" дейтін көрінеді. Хм. Қыздардың да "қызы" бар. Бір қыздың наз қылығына шыдай алмасаң, жігіт атыңа түкірдім де қол қойдым. Ертең "анаң менің соңымнан өзі жүгірген" деп туған қызына қалай айтады? Қыздарым, құндарыңды түсірмеңдер, бағаларыңды біліңдер!