Қыз дегенің...
Сөздеріне шарбат қосып, көздеріне ар ілген,
Лала гүлдей айналаға шығаратын лағыл дем.
Жанары-нұр, жүрегі-сыр қырмызыдай қыздарды,
«Көркем» деймін, «сұлу» деймін еркелетіп бәрін мен.
Келбетіне Күн ойнатып, жербетіне төккен нұр,
Хош иіспен баурап алар көңіліне еккен гүл.
Мұз денені ізгі өлеңі ерітіп-ақ жіберер,
Қыз дегенің-құлпыратын, жаймашуақ Көктем бұл.
Тал бойына-нәзіктілік, санасына-бал ой тән,
Бізге күліп,жымиғаны-шуақ шашар арай таң.
Қыз дегенің-өмір мәні, қыз дегенің-махаббат,
Қыз дегенің-әдемілік, нәзіктілік, тағы айтам.
Ерке дыбыс елеңдетіп, жібереді бізді арбап,
Сендерсіңдер-қырымдағы жайқалатын қызғалдақ.
Серілердің сезімдерін сездіртетін қылықпен,
Қыздар деген-асыл арман, қыздар-өмір, қыздар-бақ.
«Қыз ғұмыры-жұмбақ әлем» деп айтылған жолды ұғам,
Сендер үшін дастан жазып, қалдырамыз мол мұра.
Ақтарыла қоймайтұғын, көңілдері-сыр сандық,
Қыздың жаны-ешкім білмес,шешімі жоқ формула.
МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!!!!