Қыз баласы кетуді емес, ... аңсайды...

Қыз баласы кетуді емес, ... аңсайды...
жеке
блог

Тұрмысқа жастықпен, мастықпен, күйіп-жанған сезім кезінде кетіп қалу керек.

Күн өте келе сен іздеген идеалдың жоқтығына сенбейсің, ал идеал еместерге берілгің келмейді... (аударма) 

Блогкезектен бұрын қыздардың жанын ұғу немесе мойындаулар болатын сияқты ғой... 

Студент болған күніме шейін әкем "қыз бала 23-25 жаста тұрмыс құру керек" деп құлағыма құйып өсірген болатын. Сондықтан да шығар, 23 ке келгенше өзімді әлі бала сезінгенім. Ол уақытқа шейін болған кездесулер мен сезімдер тек уақытша саналатын... Ал 23 жаста оқу орнын бітіріп ойы қалыптасқан қыздың таңдауының өсетінін әкем білсе керек...

Таңдау

Ешқашан қызмет не отбасы деген таңдау менің алдымды тұрған емес. Себебі екеуін бірдей алып жүруге күшім жететініне сенімді болдым, әрі мен көрген әйелдердің бәрі екеуінде бірге алып жүріп-ақ жақсы жар, жақсы ана, жақсы қызметкер.

Тәрбие мен білім

Қазір ойлаймын, мен тәрбие мен білімге көп мән берсем керек. Алдыма келген жігіттің тәрбиесіне де біліміне де көп мән бердім. Әлі де мән беремін, мойындау керек. Себебі, өзіме қажетті тәрбие бере білген сияқты ата-анам, идеал болып кетпесем де ол кісілерді ұялтпайтындай тәрбиелілік сақтай аламын. Ал қалғанын өмірден үйреніп жүрмін.

Білім- ол оқу мен ізденумен келетін нәрсе ғой. Ал түйсік ол табиғаттан беріледі, осы түйсік арқылы жауапкершілік, адамгершілік, қарапайымдылық пен түсінік іздейтінмін. Магистартура бітіріп те адам боп кете алмағандар қаншама? Сондықтан да адамға сана берсін деп тілеймін. Тәрбие, білім, сана жайлы айтқан кезде мәдениетті тастап кетуге болмайды ғой. Ал мәдениетті қалыптастыру қайтадан сана мен біліміне әкеп соғады. Солай көкірегі ояу азаматтарға берер бағам қашанда жоғары... 

Ал "қыздар не үшін оқу керек?" деген сұраққа жауапты бір сөзбен беруге болады "сенің ұрпағыңның сауатты болуы үшін" себебі баланың бар тәрбиесін көбіне ана береді, мал табатын еркектің артын қашанда әйел жабады. Сондықтан да қыз баланың оқығаны дұрыс деп ойлаймын. Көзі ашық, көкірегі ашық ана баласының арманына қолының жетуіне себепші бола алады.

Табыс

Жігіттердің көбі ренжиді "қыздар байлыққа көп мән береді" деп. Рас, солай. қыздар соқыр емес қой, 27 ге келіп сенің жасыңдағы жігіттер мен сенен кіші жігіттердің неге қол жеткізіп жатқанын көріп әлі 30 ға келсе де өз өмірін жасай алмаған жігіттен не күтуге болады? Осы уақытқа шейін өз өмірін жасай алмаған адам ертең баласы мен сұраулары көп қыздарды қалай асырап бақпақшы? Егер, қызың жағдайға қарамасын десе жасың 20 ға жетпей үйленіп ал, сонда қыз да өкінбейтін болатын...

Ал жұмыс істеп, өз қолы бәріне жеткізіп қалған қыз сенің аз табысыңа қарап отырмайды ғой. Оның да өз жауапкершілігі бар, ата-анасына көмек еткісі келеді, інілеріне бірнәрсе жасағысы келеді. Кейде сол үшін де ол феминистка болуға ұмтылады, себебі феминистка болған жағдайда ғана ол бір табысқа қол жеткізе алады. 

Қатыгездік

Бар қиындықты көрген қыз қашанда қатыгез, ер мінезді боп шыға келеді. Бірақ, жарыңа сен қалай қарасаң ол солай өзгере алады. Егер сен еркелетіп оның нәзік екенін білдірсең ол саған еркелеп өз нәзіктігін сыйлайды. Жоқ, бар міндет сенің мойныңда бала тап, тәрбиеле, оны бақ, ақша тап, бәрі сенің мойныңда десең әрине сондай қатыгез, ұрысқақ, бетпақ әйелді аласың. Себебі сен оны сен өзің соған бағыттайсың... 

Сөз соңында. Әрине бәрі адамның өзіне қалауына байланысты.. Ең бастысы қыздарға, әйелдерге қажеті бір-ақ нәрсе. Ол - махаббат. Сіз сүйген қыз сізден қандай жағдай болса да кетпейді, мейлі сіз тақыр кедей болсаңызда, мейлі соқыр болсаңызда. Бастысы ол сіздің сүйетініңізге сену керек...