Шын сүйеміз бе?
Сүйіктімізге адалмыз ба?
Енді неге бұл мәселе жұбымыздан қандай да бір себептермен айырылысқанда ғана ойға түседі?
Неге алшақ кеткен кезде ғана «махаббат» туралы өлең оқып, мұңның бетін көз жасымызбен мұнтаздай етеміз?
Ішіңнен «Қадірін білмеппін-ау» деген ой неге соңында, «кино» біткенде ғана келеді?
Сол, қысқасы, айтайын дегенім, шынымен де сүйеміз бе? Сүйе білеміз бе?
Үзілген махаббаттың қатардағы бір жыры ғана демеңіз.
иірімі көп өмірдің июы мен қию көп мәселе болған соң ғана...
Ештеме де жоқ басқа!
Мен тек ойдан ой туып, неғып, әлгі, оған анықтама бергім келген ғой. бірақ махаббатты толықтай әлеуметтендіру мен тұрмыстық мәселелерге тоғытып отырғам жоқ. Өмірде сүйген адам қалай көрінеді? Соның, менің ойымша, маған ғана белгілі тұстарын айтайын деп едім.
1. Сүйген адамыңды қай кезде, қашан, қай жерде болса да көруге асығасың.
2. Сүйген адамыңның киіміне, жүріс-тұрысына, өмір сүру салтына анықтап қарайсың. Мәселен бүгін басқа сырға тағып алса, сен оны да байқап қойып, міндетті түрде «Сырғаң өте әдемі екен» дейміз.
3. Қай кезде де ОЛ сенімен тең. Әңгімелескенде де не жоғары емес, не төмен емес, тек қана ТЕҢ деңгейде сөйлесу керек. Сенің біліміңнің көптігі сенің жоғары екеніңді көрсетпейді, СЕНДЕРДІҢ(!) жоғары екендеріңді көрсетуі тиіс!
4. Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық». Бәрі де түсінікті деп ойлаймын...
5. Сүйген адамыңның жағдайы – сенің жағдайың! «Морально и материально!» Ал жігіттің жағдайы қыздың жағдайы бола бермейді...
6. Қыз баланы күттіру жігіттің ісі емес!
7. Қыздың жасалған сыйлығынан ер адамның сыйлығы 10 есе қымбаттырақ, үлкенірек, салмақтырақ, сапалы болуы керек! Сен сол үшін де жігітсің!
8. Ер адам өкпелемейді. Өкпеледі ме, ызнашит, жағдай қиын!
9. Футбол – қыздан биік емес!
10. Қыз – анаңнан биік емес!
11. Қызға тым көп «махаббат сөздерін» айту дұрыс емес. Реті келгенде ғана... Әйтпесе «жаным, күнім» деген сөздер құнын жоғалтып барады.
12. Үйлену тақырыбы бөлек әңгіме енді...
Қысқасы жаза алмадым. Жұмыс қауырт болып кетті... айтқым келген ойды келесі бір жазбада күтіңіз...
пока мына бір видеоны көруге кеңес беремін:
https://www.youtube.com/watch?v=jPZ4TX52wu0