"Қыз ба? ", "Ұл ма?"
блог
Нəресте дүниеге келгенде қойылатын алғашқы сұрақ ол əрине "Қыз ба? ", "Ұл ма? ". Əрине, дұрыс. Қыз болса "əдемі қыз дүниеге келді" деп қуанса, ал ұл бала дүниеге келсе "батыр туылды" деп ерекше қуанатыны жасырын емес. "Базар жоқтағы" Тұрсынбек ағамыз айтқандай қыздар дүниеге келе берсе, Ұлзада, Ұлдана, Ұлболсын, т.б. əдемі есімдерді ұл бала дүниеге келсін деген ниетпен қойса, ұл бала бола берсе Айсұлтан, Жансұлтан, Ерсұлтан деп жалғасатыны рас. Əрине, мұны жаза отырып, қазақ халқы қыз баланы құрметтемейді деп жазып отырған жоқпын. Ежелден қызды құрметтеп, төрге отырғызып, "қыз жат жұрттық" деп отырады. Алайда, осы сөзді естігенде біз, қыздар, өзімізді ыңғайсыз сезінетініміз рас. Десек те, бұл - табиғаттың заңы емес пе?Дегенмен де ұл баланың жөні бөлек екендігі жасырын емес. Себебі ұл бала - ата жолын жалғастырушысы, отбасының қорғанышы, қазақ қыздарының қамқоршысы деп қояын осы жерде! Қыз болып дүниеге келсе де, ұл болса да өзінің қиыншылықтары мен қуаныштары да болады. Кім болып дүние есігін ашсақ та, ата-ана қамқоршысы, ата-əже мақтанышы, ел жақтаушысы болғанға не жетсін, шіркін! Ең бастысы, əр уақытымызды бағалап, бақытты бола білейік!!!
P. S.Менің алғашқы жазбам! Кемшіліктері болса кешіріңіздер!!!