Таяу уақыттан бері қыз алып қашып жатқан сәтті бейнелейтін роликтер көбейіп кетті. Әсіресе соңғылары жаға ұстатады.
Өз ойымды білдірмес бұрын осы видеоларға кезек берейін.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/ef5k_MkKskY","width":"550","height":"350"});
***
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Sp-EyM339as","width":"550","height":"453"});
***
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/XyM06klpUu8","width":"550","height":"453"});
Енді әңгімеге келейік. Иә, бұл дәстүр. Бұл дәстүр кейінде материалдық жағдайдың жоқтығына байланысты белең алды. Тіпті кейбір әке-шеше ақшасы жоқ жігітке қызын бергісі келмей, жігіт сосын алып қашуға мәжбүр болған кездер де көп. жалпы бұл өзі даулы мәселе ғой. Әркім өз ойын айтады. Мен де сөйткім келді.
Менің ойымша, қыз алып қашуды қай жағынан болса да ақтап алуға болмайды. Бізде "Қыз алып қашу" сөздің өзі қалыптасып кеткені соншалықты санамызға мұның қылмыс екені жете де бермейді. "Кейін бақытты болып кетеді", "Аналарымыз солай келген" деген сөздер де көп айтылады. Ескертіп қояйын, мен келісімсіз қыз алып қашуды айтып отырмын. Өзіңіз ойлап көріңізші, қаншалықты негатив. Әсілі алып қашу қызды, оның ата-анасын, онымен қоса артындағы жұртын сыйламауды білдіреді. Мал секілді адамды солай қорлауға бола ма? Зорлықпен алып қашушылар қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.