Қытайды "қорғаған" қазақ
блог
Ержет Ерзатұлы - 1993 жылы 4 қаңтарда Қытайдың Шыңжаң өлкесiнде өмiрге келген. Қытай олимпиадалық командасының қақпашысы. Ол Қытай олимпиадалық құрамасының мүшелiгiне енген тұңғыш өзге ұлт өкілі. Ержетке дейін аспан асты елiнiң ұлттық құрамасына ешқашан өзге ұлт өкiлi алынбаған екен.
Үрімжі өлкелік «Сүн Чиңлиң» футбол мектебінің түлегі. Ойнаған клубтары: «ШҰАР - 94». Шыңжаң өлкелік «Хайтаң» командасының қақпашысы.. Бапкерлер: Фархад Азамат және Қайрат Болат.
Бойы: 185 см, салмағы: 70 кг. Жейдедегі номері: 23
Қазақстан Республикасы Президенті Кубогы (3 - орын), жастар арасында Қытай біріншілігінде (2 - орын) өнер көрсетіп, «Зенит» (Санк Петербург),«ЦСКА» (Москва) секілді Еуропаның алпауыттарына қарсы ойындарда Қытай қақпасын қорғаған.