Қытайдай қаптаған ЖУРФАК

Соңғы уақытта аңғарсам сабақтың күші ме, әлде шын ынтасы ма, журналистика факультетінің жұлдыздары көптеп кіре, жаза бастағаны бізді де мені де қуантады. Алғаш кіргенімде ешкімді танымаймын, жазбамды оқып пікір қалдырғанына қуанышпен қарап төпелеп алғысымды жаудырамын. Олда қызық. Эстафета ойындары болушы еді. Ол ойынды бірін-бірі танитын массагеттіктер өздеріне лақтырып сурылып шықпасаң елемеуші еді. Олда қызық.Ал енді міне соңғы айларда қытай әскеріндей қаптап, зеңбіректің оғындай зілді сөздерімен журфактың қаламсапты сарбаздары көріне бастады.Олда қызық. Бұрын агенттен түнімен шықпаушы едік, қазір міне агент қалып массагетте таң атыруды шығардық. Күн тәртібіндегі әңгімеміз сұйылып, қыздар жайлы болушы еді енді қарап отырсам массагеттегі жазбалар мен пікір одан қала берсе форумдағы айтыстар қозғалып жатыр. Олда қызық. Бірінің жазған жазбасын бірі сараптап, бір-бірімен шабысып қаламын ұштап жатыр. Бірі ішкен жегенін айтса, енді бірі қалқаны қатайған массагетке қателігін білдіріп ащы шындықпен достық жүзін көрсетіп журфагым мені қуантып жатыр. Олда қызық. Ал енді массагеттіктерге тағылар сын көбейіп, жас келсе іске деп нағыз журналистер кіріскелі жатыр! Олда қызық!



Бөлісу: