Қытайдағы күндерім....
блог
Массагеттік достаар қалайсыздар?!Ой бөліспегелі,сырласпағалы қай заман?!Бүгінгі әңгімем Қытайдағы көріп білгенім жайлы болмақ....Ал,бастайын онда....
Қытайдың Сючжоу деген қаласына келгеніме міне екі айдың жүзі болды.Осы екі ай ішінде күнделікке жазған шимайларымды ұсынып отырмын сіздерге....
09.09.14 Әуежайдан шыға салып мұрныма бір жағымсыз иіс келді...әрі киімімнің бәрі су болып кеткенін байқадым,қызық,жаңбыр жоқ,аптап ыстық бірақ ауаның ылғалдылығында шек жоқ...Ең алғашқы ойым "қайда тап болдым мен?" дегенмін....
25.09.14 Ақырындап күн өтіп жатыр...Сабаққа да үйреніп қалдым...Алғашында көшеде жүргенде қытай қыздарының қалай болса солай,ұйқыға киетін киіммен көшеде жүре беретініне қарап аң-таң болатын едім...көре-көре көз де үйренеді екен оған,қазір мән бермеймін...Бірақ тамақ жағынан қиналып жүргенім рас....алғашқы үш-төрт күн ашқұрсақ болып жүрдім,кейін мұсылмандарға арналған асханадан тамақтанатын болдым...енді тазалықтан бірінші орында емес бірақ амал жооқ...
06.10.14 Қазақ елі Құрбан айт қабыл болсын!!!Тарыдай шашылып жүрген қазақ көп-ау...Бүгін осы қалада оқып жүрген қазақстандықтар мен қиын қыстау заманда атамекенін тастап,қытай асып кеткен ағайын бауырларымызбен жиналып құрбан шалып,айтты атап өттік....
07.10.14 Бүгін Қытай халқының ұлы ғұламаларының бірі әрі бірегейі Конфуцийдың ғибадатханасы мен мұражайы және мазары орналасқан Шандон қаласына экскурсияға апарды.Қатты ұнады деп айта алмаймын бірақ Қытайдың тарихына біраз қанық болып келдім.
15.10.14 Сағаттар сырғып,минуттар жылжып,әр күніміз сағымдай болып өтіп барады.Ақырындап бұл қалаға да бауыр баса бастадым...Бірақ елді қатты сағындым...Шетке шыққанда ғана өз еліңнің қадіріне жетеді екенсің...Үлкен қала,әдемі,керемет көрініс бірақ осының бәріне қарап тұрып өз еліңнің шөңгесі мен жусанына жететін ештеңе жоқ екенін сезінесің...Нағыз патриоттық сезімнің не екенін білесің...
20.10.14 Елге оралатын күнді санап жүрмін.Кеше мұғалімнен сұрап едім қаңтардың 17 қайтуларыңа болады деді...Қатты қуандым...Бірақ оған дейін алып асу тұр алдымды.Менің Қытайға келген мақсатым қытай тілінен халықаралық деңгейлік емтиханды тапсырып,керекті баллды жинап шығу... Сонда ғана жоғарға оқу орнына жол ашылады....Алла жолымды бере гөр....!!!
Мінеки достар,осылай күн өтіп жатыр....