Қытайда тегін оқу? Оңай!

Қытайда тегін оқу? Оңай!
жеке
блог

"Шет елдік студенттерінің саны бойынша Қытай әлемдік бестіктің қатарында. Сырттан келген студенттері көбіне қытай тілін және медицинасын оқуға келеді" ©Қытайда оқып жатқан қазақ

Қытайда оқып жатқан досым бар. Теп-тегін. Негізі, ақылы бөлімде оқиды, бірақ степендия алады. Степендиясы оқуын да жауып, жүріс-тұрысына да жетеді. Ал тұратын үйі тегін. Өзіме екінші бакалавр немесе магистратура оқитын орынымды қазір сайлап алайын деп ізденіп жүріп сол бір досыммен сөйлесіп қалдым. Досымның айтқаны сіздерге де керек болады деген оймен, айтқан кеңестерін осы жазбаммен бөлісіп отырмын.

Қытай степендиясын алу үшін құжаттар жинау - өте қиын шаруа. Әр сайт әртүрлі тізім беріп миыңызды бір қайнатып тастайды. Жүйке жүйеңіз әлсіз болса, Қытайда оқу туралы ұмытқаныңыз жөн. Негізі ең оңай жолы - қазіргі уақытта Қазақстанда оқып жатқан болсаңыз, оқу орыныңызда студент алмасу бағдарламасы бар-жоғын біліп алғаныңыз жөн. Бар болса, соны қолданыңыз. Ал егер оқу орыныңыз керемет емес, және сұрағыңызға "студент алмасу бағдарламасы деген не?" деген жауап беріп отырса АТУ сияқты мына амалдарды қолданып көрсеңіз болады:

1. Конфуций шәкіртақасы

Негізінде бұл степендия Қытай тілін үйренгісі келетін адамдарға арналған.   Бір жылға степендия алуға өтініш тапсырып, оқып болған соң бакалаврға грантқа тапсыруға болады.

Степендия оқуды, жүріс-тұрысты жауып, артылып та қалады. Жатын орын тегін.

2. Қытай өкіметінің немесе "CSC шәкіртақысы"

Магистратурлік білім алуға арналған шәкіртақы. Кейбір сайттарда бакалаврлық білім алуға да өтініш қабылданады деп жазылған. Бірақ ондай өтініштер қабылданбайтын болғанына бірнеше жыл болып кетті, қытайлар сайттарындағы ақпаратты жаңартпайды.

Осы жерде Google айтпайтын бір кеңес айта кетейік, мына сілтеме арқылы өтіп, 10-15 университет таңдап, степендияға құжаттар өткізіп қойыңыз (құжаттар толтыру формасы университеттердің сайттарында бар).

Степендия оқуды, жүріс-тұрысты жауып, артылып та қалады. Жатын орын тегін.

3. Қуларға арналған шәкіртақы

Егер сіз Қытай тіліне жалпы тілге  қатысы жоқ мамандықта бакалавр оқығыңыз келсе, тегін оқу қиынырақ болады. Бакалаврияттың оқуын төлеуге жететін шәкіртақы жоқ. Тек бір жылдық шәкіртақыға өтініш бересіз (4 жылда төрт рет құжат тапсырып, өтініш жазасыз). Екінші жылда шәкірақы алу немесе алмауыңыз сіздің бірінші оқу жылындағы бағаларыңызға байланысты болады. 

Берілген сілтемеден өтіп, қытай университетіне бакалаврға түсуге арналған шәкіртақылар тізімін алуға болады. Әр шәкіртақы бір оқу орынына бекітілгенін ескеру керек, яғни бір шәкіртақын көздесеңіз, оның бекітілген университетіне ғана өтініш жібере аласыз.

Шәкіртақы оқуды және жалданбалы үйді бір жылға төлегеніңізге жеткілікті.

P.S.:Танымал оқу орындарын таңдауға кеңес бермейміз, оларға түсу мүмкін емес оңай емес.