Қыстың соңғы күні..

Қыстың соңғы күні..
жеке
блог

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.
Бүгін 28 ақпан - қыстың соңғы күні. Көктемді асыға күтіп жүрген мен сияқты жан жоқ шығар. Өзіме қатты ұнайтын мезгілдің бірі.                                                                                                                  Наурыз - мереке айы! Көктемде ең бірінші мереке 8-наурыз халықаралық әйелдер күні. Ол күні әжелеріміз, аналармыз, әпке-қарындастарымызды мерекесімен құттықтаймыз. 14 наурызда өзімнің туылған күнім. Ал 22-наурызда ұлттық мейрамымыз, жаңа жылымызды қарсы аламыз! Ол күнді әркім өзгеше қарсы алады. Наурыз көже және т.б. ұлттық тағамдар пісіріледі. Түрлі ойын-сауық ұйымдастырылып, ән айтылады, би биленеді.                                                                               Көктем келе ауа-райы жылынады, жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Ауа-райы жылып және көктем соңында ысып та кетеді. Сонымен бірге жазға ұласады. Жаңбыр жауса,  кемпірқосақта түрлі-түсті болып  көрінеді. Біз оны қуана тамашалаймыз.
Қазақстан Республикасы аумағында географиялық ерекшеліктеріне байланысты Көктем оңтүстік аймақтарда ерте, солтүстік аймақтарда кеш келеді.                                                                            Қыс - кіршіксіз аппақ болса, көктем - тіршіліктің бастауы, жаңарып, жанданатын мезгіл!