Қысты сүймеймін....

Қайырлы күн, көгілдір төрт қырлы жәшікке енгелі отырған жамағат!))) Мен Алматы қысын жаратпаймын. Оған салмақты себептерім де жоқ емес. Жоқ, мен емес-ау, жатырқаған ол ғой бірінші. Арман құшағында асыға жеткен ауылдың бір қызын қабақ түйе қарсы алды. Алматыда өткерген алғашқы қысым сәтсіз болды. Сондықтан да, жалпы қыс мезгілін жарата бермейді екенмін. Битке өкпелеп тонын пешке жақты деп отырған да боларсыздар. Бірақ, адамды жігердендіру қаншалықты оңай болса, үмітті жастың лапылдаған отын күлге айналдыру да соншалықты жеңіл екенін білсеңіздер екен....



Бөлісу: