Қысқа ғұмыр

Қысқа ғұмыр
жеке
блог

302 палата... Қаршыға терезеден сыртқа ұзақ уақыт ойлана қарап отыр. Жылай-жылай көзі қызарып кеткен анасының келгенін де байқамай қалды. 

Кішкентайынан аурухананың табалдырығын тоздырып келеді. Бүгінге дейін дертіне ем қонбай қиналуда. Ата-анасын да, Қаршығаны да жетелеген бір үміт. Жалғыз қыздарының қатарымен бірге алаңсыз ойнайтын шағында аурухана төсегіне таңып қойған тағдырына налиды.

Дәрігердің айтқандары әлі естерінде:"Дайындала беріңіздер! Қолымыздан келгенін жасадық. Өкінішті..." Қанат пен Жаңыл өмір көрмеген сары үрпек балапанынан осылайша айырылып қалатынын естігенде денесінен жан кетіп, жүректің тынымсыз дүрсілі тоқтағандай күй кешті.

Баласының көзінен үміт отын көретін ана жүрегі қатты сыздайды. 8 жасар Қаршыға:"Апа,әлі-ақ жазылып кетемін, тек жыламаңызшы", - деп шешесінің жанарынан аққан ыстық жасты кішкентай ғана қолымен сүртіп қояды. Жаңыл Қаршығаның маңдайынан иіскеп, еріксіз келген көз жасын тыя алмай тысқа жүгіріп шығып кетті.

Дәл сол ызғарлы күн... Күздің азынаған желі қураған ағаш жапырақтарын айналдыра ұшырып әкетті. Сол күні арбада отырған Қаршығаның арманға толы бала жүрегі өз соғысын тоқтатқан еді.