Қысқа да қызықты фактілер

Қысқа да қызықты фактілер
жеке
блог

       Бос уақытымда, мен қызықты фактілер оқып, ой толғандырғанды ұнатам. Ұнайтыны олардың шың өтірік екендігін анықтау және болмайтын жерлерде, жасырын мағына, сабақ іздеу. Жиі-жиі осыдан кейін маған қызықты ойлар келеді. Осы блогта мен сол ойларыммен сіздермен бөлісемін.

-Клеопатра египеттік Гиза пирамидасының салыну уақытына қарағанда, біздің уақытқа жақынырак өмір сүрген.

Бұл өте қызықты жайт. Неліктен бұл біз үшін қызықты факт? Менің ойымша, біз прогрессивті дүниеде өмір сүрсек те, қандай жылдамдықпен дамып жатқанымызды білі бермейміз. Адамзат пирамидалардың құрылысынан Клеопатраның заманына дейін байқалатындай прогресс көрсетпеген, ал ол заманнан кейін, біршама қысқарақ уақытта адамдар жеткен деңгей соншалықтай, тіпті қазір ежелгі қоғамға менсінбеушілікпен, үстіден қараймыз. Сондықтан біз сол замандардың айырмашылығын бақай бермейміз.

-Акулалар жылына 12 адамды өлтіреді екен, ал адамдар болса сағатына 11 417 акуланы өлтіреді.

 Акулалар адамдарды өлтіреріне қарағанда адамдар акулаларды 1000 есеге көбірек өлтіреді. Қызықтығы, біз акулаларды жыртқыш, қаныпезер деп есептейміз.

-Күніне қозғалмай 3 сағат отыру, адамнын өмірін 2 жылға қысқартуы мүмкін. 

Бұл өте-өте қызықты жайт, дегенмен мен білетіндер, оның ішінде мен де сол баяғы өмір салтын жүргізуді жалғастыра берерміз. Бұл ойға қонымсыз дуние және адам табиғатына қайшы келеді. Басқа сөздермен айтқанда, біз өмірдің ләззатын алғымыз келеді, бірақ оны ұзарту үшін жай қылықтардан да арыла алмаймыз. 

-Адам жалаңаш көзбен 5 планетаны  көре алады. Олар Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурн.

Бұл фактінін танғалдыратыны, оның көп адамдарға жаңа бола білуінде. Күнде тамаша аспанның астында жүріп, сол ғажайып планеталарға көз салмағандардың көңілдеріне жағар... Өзім бұрынғыда тек Шолпанды көруге болады деп ойлағанмын.

-Бал әлемдегі жалғыз бұзылмайтын тағам. Египеттік пирамидалардың  қазу жұмыстарында бірнеше сауыт жеуге жарамды бал да табылған.

Осыдан таңғалдыратыны, аралардын өмір бойғы еңбегі, яғни бал, мыңжылдықдар бойы сақталатындығы. Демек шың еңбек артынан қалың із қалдырады деп айтуға болады. Осыған параллельдер жүргізе отырып, ара балын адам еңбегімен салыстыруға болады. Жаңағы Египет пирамидаларынын қазіргі күнге дейін сақталғанын, немесе көптеген ғалым, ақын, музыкант, батыр және ел басқарушылардын бізге дейін жеткен еңбек пен ерліктерін айтсақ та болады. Сонымен, осы фактіден жеке менің ойыма келетіні, егер адал, көпшілік қамына еңбек етсен осы өмірде сенің атын өшпейді.  

Барлық мәліметтер осы сайттан сұрыпталып алынған http://www.factslides.com/

Назарларынызға рахмет!

P.s Сайтта барлық фактілерге дәлелдеме сілтелемелер бар.