Қысқа, бірақ қорқынышты оқиғалар 2

Әлемде сәби күлкісінен асқан керемет жоқ шығар, тек оны үйде жалғыз қалған кезде, өзге бөлмеден естімеген болсаңыз...

Көзіңізді ашқанда, өзіңізді қараңғы, елсіз жапан далада екеніңізді түсінсеңіз, қайтер едіңіз?!

Сіз досыңызбен ұзақ уақытқа бір жерге қамалып қалдыңыз. Біраз уақыттан соң, досыңыз аштыққа шыдамай көз жұмды. Сіз де ашсыз, сіздің әрекетіңіз?!

Ұйқыңыздан шошып оянып, сіз ол бөлмеде жалғыз емес екендігіңізді түсінсеңіз...

Қалың ұйқыда жатқанда, терезеден біреудің ұрғанын естідіңіз, алайда, бұл дыбыстар терезеден емес, айнадан естілген болатын...

Сіз түнде, көшеде жалғыз келе жатырсыз, кенеттен, көлеңкеңіз екеу болды, артыңызға қарағанда, ешкімді аңғармадыңыз, ал кейін ол көлеңке әлдеқайда көбірек бола түсті...

Жаныңыздағы жаннан қателігіңіз үшін кешірім сұрап, жақсы көретініңізді айттыңыз ба? Есіңізде болсын, ешкім де, ештеңе де мәңгілік емес!



Бөлісу: