Ассалаумағалейкум, Массагеттіктер! Қалдеріңіз қалай? Жалпы аман-есенсіздерме? Қысқы ауа райы қалай тұмауратып қалған жоқсыздарма? Негізі тұмауға қарсы жақсы ем ол ыстық қара шәйға бал қосып ұрып алу . Жалпы өзімнің сүйікті әдісім ғой, өзіме ем)))
Жарайды оданда өтіп бара жатқан қыстың қызықтарымен бөлісе отырыңыздар.
Қара суық күз бітіп әдетінше сары аязымен елді қорқытатын қыс келіп, бұл маусымда бітуге таяп жадыраған көктемді асыға күтіп жүрген шығарсыздар! Негізі қыс мезгілін ерекше ұнатамын. Аппақ қар, айналаның бәрі бір түске боялған тек қана бір түске! Жапалақтап қар жауған күні ертесіне қолға күрек ұстап алып ауланаң алдын тазалап жол салып , таза ауамен кең тыныстап демалып рақаттанып қаласын. Қысқы кездегі ауылдың кеші керемет қой ! Мұржадан шыққан түтін айналаға жайыла тұманданып бірде төменге бірде жоғары қарай ирелендеп тұнық қою қара түнге сіңіп жоқ болады.Басқан қадамдарын қырт қырт етіп аппақ қардын бетін жайпап барар жеріне дейін ермек қылып әр жерге өрнектеп суреттер салып кішкене балаша мәз болып көңілін көтеріліп жасап қаласын.Биыл біздің ауданның яғни ауылдың қысы ерекше қары қалың анда-санда соғып тұратын сары аязы бар.Көрші үймен қатынасатын жолдың өзін тазалау бір ғанибет,қардың қалыңдығы өзіңнің жартындай(бойымды айтамда жарты деп)))
Жалпы жаздың қапырық ыстығынан гөрі қыстын бетті шымшитын сары аязы жақсыма деп қаламын, өйткені жазда ыссыда берекетін кетіп тер - тер болғаннан , аяғынды аяғына соғып қалың киініп ап аққала жасап шаңғы тепкен қызықтырақ сияқты ))))
Дегенмен әр нәрсенің өз орынымен, өз уақытысымен болғаны жақсығой. Бірақ бәрібірде қыс мезгілін жақсы көремін)))
P/s: Меннен басқа массагетте қыс мезгілін сары аязды тағы кім жақсы көреді массагеттіктер а, қане ???))