Қырмызыдай құлпырған қыздары...
блог
Ботадайын үлбіреген көзді, күлімдеген жылы жүзді, инабатты, ибалы қазақ қызына кім жетсін,шіркін? Сәукелесі гауһар таспен тігілген, шашбауының сыңғыры әуенмен теңелген қазақ қызы - көрген жанның жүрегін жылытады. Ар мен адалдығын сақтайтын, ата-баба өсиетін орындайтын, біреудің ала жібін аттамайтын, болашақ адал жар, асыл ана бола алатын, тәрбиесі тәлімінен асатын - нағыз қазақ қызына тән.
Көпке топырақ шашу емес, ХХІ ғасыр өзекті мәселесі - бұрымды қазақ қыздарының өзгеруі. Батысқа еліктеу ме? Қазіргі заман талабы ма? Бұл сұрақтар әзірге жауапсыз қалуда. Ата бабаларымыз: "Қызға қырық үйден тыйым" - деп бекер айтпаса керек. Алайда,қазақ қазақшылығынан айырылудың, ата-баба өсиетін жоғалтуымыздың бастауы осы болар, өкінішті-ақ.
Осыған орай, Мұқағали атамыздың өлең шумақтары үлгі:
Мен жолымды берейін, өт қарағым,
Несін күттің, несіне көп қарадың?
Анасының бергенін саған берген,
Аруағынан айналдым текті Ананың!
Жалған-ай! Жарасымды-ау ізет деген!
Иілген біз өтпенен, сіз өтпенен.
Қасиетін халқының сыйламайды,
Атасының дәстүрін күзетпеген
Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,
Жақсы ғой бірін-бірі бағалаған.
Түйсіксіз тайлақтардан сақта, құдай,
Тайраңдап алды-артына қарамаған.
Қарағым, ата-бабаң момын халық,
Өтіпті бір-бірінің жолын бағып.
Өсиетін бабаңның орындай сал,
Одан ешкім кетпейді тоныңды алып.
Мен жолымды берейін, өт, қарағым,
Несін күттің, несіне көп қарадың!?
Қор болмассың, құлыны текті Ананың,
Жолын алсаң, өзіңдей текті ағаның!...