Қыран самғауы

Қыран самғауы
жеке
блог

Маған журналист болу жайында ең алғаш анам кеңес берді. Содан бастап өмірге деген көзқарасым өзгеріп,теледидардағы аға-әпкелеріміздің сөйлеу мәнеріне ғашық болып,үлгі ала бастадым. Атап айтсақ, «Астана» арнасындағы Әйгерім Сейфолланың «Сырласу» бағдарламасы маған қатты ұнайтын, сондықтан да үзбей көретінмін. Әйгерім Сейфолла нақты, тік, ашық қоятын сұрақтары,бағдарламаны бүкпесіз өткізетіндігі ерекше әсер қалдыратын. Ләйлә Сұлтанқызының теледидарда тұруы,халықпен сөйлесу,сөйлеу мәнері,интоноциясы, қыз балаға,әйелге тән нәзіктік қасиеттері ұнайтын. Мен өзім өнерге өте жақынмын, кішкентайымнан өлең айтып, халық арасында, тойда, мектепте, жиындарда өлең айтып жүремін. Маған көпшілікпен, халықпен жұмыс істеген ұнайды.

Анам өте көпшіл,өнерге,әнге жақын. Шын мәнінде, менің осы жолды таңдауыма анамның септігі тиді. Үлкен өмірге қадам басуыма,өз мамандығымды таңдауыма небәрі санаулы айлар қалды.Содан қарашаңырақ Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетіне бет бұрдым.

Журналистика факультетіне барғанда Жидегүл Әбдіжәділқызын кездестірдім. Бұл кісі баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты екен.Апай мені көріп,бірден өзіне тартып жас кезіндегі Гүлназ Әлімгерейді көргендей болдым деп күлімсіреді. Апайдан осы сөзінен кейін Гүлназ Әлімгерейдің суретін көріп отырсам, шынымен де, біршама ұқсастық бар екен. Жидегүл апайдың маған айтқан ақылы «Алған бетіңнен қайтпа, түбіне жетпей тынба, арманыңды жүзеге асыр! "Тек қана шындықты айт"."Әрдайым әдепті бол,батыл бол, қорықпа!" -деп үлкен кеңес берді. Осынау сөздер менің үлкен өмірлік қадамыма күш қуат бергендей болды."Болашақта өзім үшін,елім үшін адал қызмет атқаратын халқымның қалаулы,елімнің елеулі журналисі болсам" деген асқақ арманым мені әрдайым алға жетелейді.