ҚЫПШАҚ ҚЫЗЫ

ҚЫПШАҚ ҚЫЗЫ
жеке
блог

 

Айттым сәлем, қалам қас,

Саған құрбан мал мен бас. 

Сағынғаннан сені ойлап, 

Келер көзге ыстық жас. Абай

Эх, шіркін! Массагет – Массагет қой. Десек те, бұл жерде жүректі жараламай, аяқты сүріндірмей дұрыс алып жүру мен үшін мұңға айналғандай. Біреу сөзімен тартса, біреу көзімен, ал біреу көрмесемде бүкіл жан-дүние, болмыс бітімімен өзі тартып тұратынының сыры несі екен?.. Сондай жанның бірі, әлде бірегейі дәл осы - Жазира!

Расы керек, аса танымаймын, танысам ғашық болмас та ем). Білетінім тарихы тым терең, Массагеттің байырғы тұрғыны екендігі ғана. Массагетте блог жазып, өзіне өзі пікір білдіретіндердің көші қайдан бастау алады десеңіз нақ басында осы кісі тұруы ғажап емес. Жә, қойшы, басқасын қайдам, бұл кісінің мені ерекше тәнті еткен қасиеті – ілім-білім, ғылымға құмарлығы.

Осы үшін, шет асып қиырда жүрсе де, туған елі, өскен жұртынан қол үзбеуі, әрі, салыстырмалы түрде тәлім тәрбиелік материалдарды ретімен, жүйесімен бере білуі дер ем. Өзіңде барды бағамдап, жоғын түгендеу, озығы мен тозығын саралап, қадір қасиетіне жетуге үндеу, жол, нұсқа көрсету - айта жүрер, елеуге тұрарлық нәрсе.

ҚАЗАҚ деп соқса ЖҮРЕГІҢ,

ЕЛ үшін болса ТІЛЕГІҢ,

САНАңды сергіт, кел бізге,

КЕШ қалыппын демегін!

Қымбатты, Жазира! Қымбатты, Қыпшақ қызы! Қазаққа не келсе де оқығандарынан келеді дейді ғой. Сіздер жазған блог мүмкін сағыныштан туар, мүмкін... Қалай болғанда да, біздің жақсы, не жаман болмағымыз Сіздер ұстанған жол, мұратқа байланысты. Арманыңыз асқақ, мақсатыңыз айқын, мұратыңыз бел, белесті болсын! Бақытты болыңыз, бақытыңыз баянды болсын! Туылған күніңіз құтты болсын!

Елден - мерекелік тартуымыз болсын, қабыл алыңыз!