Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
блог
Көсіліп бірдеңе жазайын деп едім... Бәрібір оқымайсыңдар! Оқуға ерінесіңдер.
" Сәл шыда, бәрі бірден болмайды... Бірақ болады! Мен сені күтем сол жерде" мақсаттың адамға күнде айтатыны.
"Ал есей, ал өс, ал үлкен бол, ақымақ!" 25 жасқа келген жігіттің 15 жасына айтқан назы.
"Жеті рет өлшеп бір рет кес" Сабақ алмаған қателіктердің адамға айтқаны.
"Өзіңе сенбесең, маған да сенбе!" 34 рет шырылдап есі шыққан оятқыштың иесіне айтқан назы.
"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...
Екі баланың қысты күні даладан кіргенін көрген бұрыштағы сыпыртқының айтқаны: "мен сендерді сағындым..."
Көшеде кетіп бара жатып екі адамның боқтасып тұрғанын көрген иттің айтқаны: "адам боп туғанымда да "ит" дейтін сөзді естиді екенмін ғой бәрбір ә!"
(с)Марғұлан Ақан