Қып-қысқа блог –3

Құрметті оқырман, кезекті қып-қысқа блогтың үшінші бөлімін ұсынып отырмын. Түйіп алар дүниеңіз болса, айтар ойыңыз болса пікірге қалдырсаңыз бек жақсы.

 Арман - қиялдың ең тәтті жері. Мақсат - арманның ең тәтті жері. 

Проблема - өмір сүру. 

Оның қадіріне жеткісі келетін мың сұлу бар. Ал ол соны біле тұра қадірін түсінбейтін адамға құрбан етіп жүр. Бұл не маxаббат па әлде ақымақтық?

"Біз қашан керемет ел боламыз", "біз қашан шынайы тәуелсіздік аламыз", "біз қашан бақытты күн кешеміз"... дейміз. Шындығында біз ендігі елміз, ендігі тәуелсізбіз, ендігі бақыттымыз. Тек бізге жалпы және жаппай емес, жеке тұлға ретінде өзімізбен және миымызбен жұмыс жасау керек-ау. 

Бәрінің жасанды екенін біле тұрып "шынайымын" деп қалай айғайлайсыз...

Жалғыз жүруден қорықпаймын. Жалғыздықпен бірге жүруден қорқам... 

Сөз - ешқандай xимиялық қоспасы жоқ, тегін, қорапталмаған, суды қажет етпейтін, уақыты өтпейтін дәрі. 

Сіздер қалағанды жігіттер де қалайды 

- Көлігі болса, үйі болса 
- Ақшасы көп болса 
- Жұмысы болса 
- Менен басқа ешкімді сүймесе 
- Ішпесе 
- Шекпесе 
Бұл сіздердің талаптарыңыз қыздар. Сырттай білдіртпесеңіздер де қалау осы екені ақиқат. Ал жігіттер ше? 

- Тамақ жасай алса 
- Үйімді таза ұстап, кимімді үтіктей алса 
- Жұмысы маңызды емес, тәрбиесі болса 
- Менен басқа ешкімді сүймесе 
- Ішіп-шекпек түгілі олар жайлы білмесе. 

Қарапайым қалаулар ғана. Бірақ осы қалаулар ғой екі жақты қарым-қатынасты ұстайтын. Махаббат басында. Ал одан кейін керегі сыйластық. Сыйластық берік болу үшін осы талаптар үдесінен шығу керек. 

Бақытты болу оңай деп кім айтты саған, қалқам?

Блогтардың авторы: Марғұлан Ақан



Бөлісу: