Қып-қысқа блог - 2

Құрметті достар, осының алдында ғана "қып-қысқа блог" тақырыбындағы ең қысқа блогтар тізбегін өздеріңізге ұсындым. Осы жолы да сол дәстүрді жалғастырып екінші бөлімін ұсынып отырмын. Оқып көріңіздер. 1 минут уақыт жеткілікті. Ал ойлануға 1 күн кетері анық...

"Көзіңді жұм! Ұйықта! Ертең қанбадың деп қанымды ішесің" ұйқы ашулы

Анама "Whatsapp" жазып беріп едім, телефон соғуды қойды))) Қазір әкем екеуіміз қатты доспыз. Жәйфон рақмет саған! 

" Білесің бе, адамдар сенде жүріп шаршайды, жұмыс істейді... Бірақ шаршап келсе де мені сүйеді, тіпті ұйықтамай менімен саған жеткенше бірге болуға тырысады. Мен оларды ұйықтасыншы деп қинасам да мен десе өледі Маxаббат деген осындай досым" деп түн күнді жұбатып жатыр

" Әлем менің алақанымда!" деп үйінде жатқан ақша айғай салды... Есік алдын сыпырып жүрген Руханият: "Үй иесі сараң болсаң осы ғой..." деп ішінен кейіп қалды. 

Қызылға қарамай, мәшине жоқ қой деп өтіп бара жатқан адамдарға бағдаршамның айтқаны: " мен нағып тұрмын, а?!"

"Мені күтпеңдер! Мен кешегі күннің жауапкершілігін арқалай алмаймын. Әр нәрені уақытында жасаңдар" деп "ертең" дейтін досымыз ақыл айтып кетті...

"Бәрінің іздейтіні мен. Бәріне керегі мен. Бәрінің қасымда болғысы келеді. Бірақ ешкім әрекет етуге тырыспайды. Ұмтылмайды. Сөйтеді де мені кінәлап жоққа шығарады... "какой привет, такой ответ" бар екенін ұмытпаңдар, адамдар!" Мұны айтып тұрған мен ғой БАҚЫТ

 

"Қып-қысқа" блогтардың жалғасын күтесіз бе? 



Бөлісу: