Ақпарат заманында ғаламторда да, теледидарда да қазақ тіліндегі материал жеткілікті сияқты. Дегенмен, қазақ тіліндегі мәліметтің басым көпшілігі шет тілдерінен аударылған. Түпнұсқадағы, яғни қазақ тілді автордың о бастан қазақша жазған материалы мен аударманың айырмашылығы кейде бірден байқалып тұрады. Сонымен, аударма жасау кезінде тілдің ерекшелігін ескермей тікелей аудара салудың кейбір көрінісі мынадай:
Мысалы
Тікелей аударма
Қазақ тілінің ерекшелігі
Дорогой(-ая)
Қымбаттым
Жаным, айналайын, қарағым, жарығым, құлыным, т.б.
Пожалуйста
Өтінемін
1) Етістік +-ыңызшы, -іңізші: айтыңызшы, беріңізші (жай сыпайылық, бұл жерде өтінемін сөзін қосып айтудың қажеті жоқ.)
2) Өтініш+көндіру: Кетпеңізші, өтінемін.
No problem.
Без проблем.
Проблема емес
Бұл да сөз боп па?!
Ештеңе етпейді.
Қиын түгі де жоқ.
Убивать время
Уақытты өлтіру
Уақытты зая кетірме.
Уақытты босқа өткізбе.
Көптік жалғауды орынды-орынсыз қолдана беру (сирек болса да кездеседі)
1) Оның төрт балалары / баласы бар.
2) Түрлі сезімдерді / сезімді бастан өткердім.
3) Шаштарыңды /Шашыңды жайма.
1) сан есімнен кейінгі зат есімге;
2)көбінесе дерексіз зат есімге көптік жалғау жалғанбайды.
3) тек жекеше түрде ғана қолданылатын сөздер бар:
нан –нандар, көз-көздер
Мен, менің деген сөздердің жиі қолданылуы. (Ағылшын тілінің әсері екені айдан анық.)
Мен отбасыммен қала сыртында тұрамын. Менің үйімде / Біздің үйде бақ бар.
Қазақтың сөйлеу әдебінде мен, менің деп, барлық нәрсені меншіктеп айта беру онша құпталмайды. Сондықтан, реті келсе біз деп сөйлейді.
Ал сіз қандай аудармашысыз? Оқу, жұмыс бабымен бір тілден екінші тілге тәржімалау кезінде қандай қиындықтарға тап боласыз? Тәжірибеңізбен бөлісе отырыңыз.