«Осы неге әншілер бізге ән арнамайды?» десем, қарсы уәж шаш етектен шығар. «Айтады ғой» дерсіз. Рас, қыздарға арналған, қарындасқа арналған әндер баршылық. Тіпті: «Сен есіме түскенде САЛТАНАТЫМ, Қақты менің кеудемде ән қанатым» деп те орындап жүр ).
Бірақ, менің айтайын дегенім, ару қыз жайлы, әдемі қыз, аяулы, ардақты, сүйікті қыз, бұрымды қыз, қарындас жайлы емес, ТЫҢДАРМАН ҚЫЗ туралы әннің жоққа тәндігі. Кәдімгідей!
... мысалы, «Хатыңды оқыдым» деп...
«Қымбатты Майкл» әнін тыңдағалы осындай ойлар келіп-кетіп жүр басыма ). Ән - тыңдарманынан хат алған әншінің күйі жайлы. Өз жанкүйерінің жайынан бейхабар еместігі, немқұрайлы қарамайтыны жайлы, хатын оқығандығы және жақын арада жауап жазатындығы жайлы...
«Қымбатты Майкл!
Оқымас та шығарсың бұл хатты, Майкл!
Бұған дейін жазғанмын жүз шақты рет,
Әлі де талай хазам "Қымбатты" деп.
Қымбатты Майкл!
Қай әнің де мен үшін емес бөтен.
Қосыла айтып, көзімді жұмамын да
Маған арнап жатыр деп елестетем!»
Хат жалғасы: «Мен сені сүйеді екем...
Көз жасымды жасырып, көп алдадым.
Жолдаған бұл конвертте түрлі арман көп.
Бәрін жаздым, себебі, қала алмадым
Мен сен үшін жай ғана тыңдарман боп.»
Дайын берер жауабым...
Басы былай:
«Сезім жайлы сырыңды оқып қарадым,
Хатың ұнап, қалғаным тосылып-ай...
Қауышуды қалаймын өзіңменен.
Суретіңді салғалы хатқа қосып,
Қол қойғалы шын жүрек, сезімменен.»
Жауап жазам, мен саған сөз беремін,
Ұнатып қалғанымды сезген едім.
Асықшы, сен тездеші, пошташы мырза!
Сезімімді... Хатымды жолдашы қызға!..
Аударма: Салтанат Мырзабай
сурет: deviantart.com