Қымбатты жұбайым!
(перзентханаға босануға бара жатқан, күйеуін табыстап кететін енесі де, анасы да жоқ жүкті әйелдің күйеуіне қалдырған нұсқаулығы)
Аяқ астынан сен жұмыста болған кезде кетуіме тура келіп қалды. Сондықтан саған соңғы нұсқауларды беріп үлгермей қалдым. Алайда, сені бес саусағымдай білетіндіктен,
Балаларды балабақшадан келген соң міндетті түрде үй киіміне ауыстырып киіндіру керектігінен бастайық. Барлық балабақша киімдерінде дақ пен кір жоқтығын тексер. Егер, әлдебір киім кір болса, оны жу. Ең болмағанда тазасына ауыстырып қой. Есіңде болсын, қызымыздың заттары жоғарғы сөреде, кіші ұлымыздікі – ортаңғы сөреде. Залда орналасқан шифонерден іздейсің. Өзің мен Андрейдің киімдері салынған шкафтан іздеме.
Саған тамақ әзірлеуге тура келетін шығар
Макарондар тоңазытқыштың оң жағында тұрған шкафтың төменгі бөлігінде. Олардың жанында қапшығымен қант тұр. Қантсалғыш пен кофені саған үстел үстінде қалдырамын. Балаларға арналған шәй мен сенің сүйікті дәмдеуіштерің сол шкафтың ортаңғы сөресінде тұр.
Күн сайын сүт сатып алуды ұмытпа, әйтпесе қызымыз шатақ шығарады
Оларды жуындыруды және сүртуді ұмытпа, әсіресе аяқтарын жууды ұмытпа.
Саған монша жағуға тура келетін шығар. Өтінемін, олардың жөкелері мен сусабындарын ауыстырып ала көрме. Қызымыздың жөкесі алқызыл, ұлымыздікі жасыл. Қызымыздың басы мен денесін гель-сусабынмен жу. Жасыл түсті. Сыртында жазулы тұр. Ұлымыз басын сенің сусабыныңмен жууды ұйғарды, сондықтан қарсы болма. Денесін сары сабынсалғышта тұрған сабынмен жуады. Олардың монша орамалдары мен халаттарын ауыстырып алма. Қызымыздікі пештің сол жағында, ұлымыздікі оң жағында ілулі тұр.
Жуынып болған соң олардың жалаң аяқ жүгіруіне жол берме, оларға квас немесе шай ішкізуіңе болады. Ұйқыға уақытында жатқыз
Міне,
Бірақ, егер бірнәрсе болып жатса, хабарлас!!!
(Дереккөз: stranamam.ru сайты)