Жетінші этаждың оқу залында жалғыз отырмын. Жоооқ, қорықпайм мен) Интернет бар ғой, ал интернетте сіздер барсыздар! Бірақ ФБ тып-тыныш болып қалды. Массагет те. Есі барлар жылы көрпеге гүмп етіп кіріп кетіп, кіші өлімнің құшағында керіліп жатыр ғой. Ал мен ұйқысызбын...
Айтпақшы, ұмытып кетіппін ғой, оқу залында менің бөлмемнің бағына бітпеген балкон бар еді ғой. Ойбу, қылтима))) И қойшии, балкон дей берейінші.
Мен аздап салқын леп ұрып тұрған жартылай ашық терезенің жанына аяңдап келдім. Сөйтсем, не көрді дейсіздер ғой? Ужыыыыс, қорқынышты кино бокетті ғоо. Не көруші ем? Терезені ашсам сол біз сүйетін түнгі Алматының келбеті ғой.
Балконның есігін ашып, ары аттадым. Жарығы сөнбеген көрші жатақхананың терезесіне қарап, мендейлердің көп екеніне тағы көзімді жеткізіп алдым. Оң жақ тұсымдағы терезелердің бірінен гитарамен астасқан ән келді құлағыма. Иә, бұл Толик! Ол маған ұнайтын әнді айтып жатыр. "Өткен жауын түсірді сені есіме, өзің жайлы ойлаймын мен, осы не?"...
Төменге көз салдым... Биіктен қорқам. Бірақ биіктен қорқам, қорқам деп жүріп әпшелерің тау көрсе шыдай алмай шығып кетеді. Жоқ, сонда да қорқам... Күні-бойы тынышы қашқан жатақхана есігінің алды тып-тыныш. Студентін ұйықтатқан вахтерша апай да ендігі көзі ілінгелі отырған болар. Сырттан кешігіп келіп есік ұрып онсыз да жүйкесі сәл жұқарған апайдың тынышын ешкім алмаса екен...
Мына Алматы неге ұйықтамайды осы? Күндіз де, түнде де ояу.
Бағанағы ән басылып қалды. Студенттердің даусы да шықпай, саябырсып қалды. Жоқ, әлі ән айтып жатыр екен.
Суыған-ай! Тоңып қалдым. Қой, кірейін.