Мазалайтын күнде-күнде, жүрегімнің ееең түбінде, ес білгелі ескі күндерімнің ескірмес естеліктерін текшелеп жүрген, сырға толы, мұңға толы, жырға толы сары түсті сағыныш атты сандықшам бар сақтаулы. Оны ешкім білмейді, ешкім көрмейді, елестете де алмайды. Сол сандықшам бүгін маған есігін ашты...
Жылап жаттым, үнсіз ғана жылап жаттым... Өксігімді басуға шыдамым жетпей еңіреп қоя бердім бір кезде. Жеті түнде пеш түбінде жастығын жасқа бұлап жатқан алты-жетілер шамасындағы қызының бұнысына түсінбей әкем келді жаныма. "Қызым-ау, не болды саған? Бір жерің ауырып тұр ма, әлде жаман түс көрдің бе"-деп бәйек болған әкем ештененің байыбына жете алар емес. "Түн ішінде жылауға болмайды, қоя қой енді, айналайыным"-деп еркелетуге көшкен әкеме көнер емеспін... "Ауыл шетіндегі бір үйдің қойын жаманауыз жарып кетіпті"-дегенді кешкі тамақта естіген менің сол шеткі үйлердің біріне көрші апаймен бірге қонақтыққа кеткен анамды ойлап, алаңдап, қорқып жатқан түрім еді бұл...
Балаң ойлар, ерке қылықтар, жылы сөздер, алаңсыз ойындар, риясыз күлкілер оралмайды-ау енді қайтадан... Шашымды өріп, бантигімді тағып, сөмкемді асындырып сабаққа жіберетін ашнашым мен күні бойы арқалап, ат болып, жасырынбақты да, тығылыспақты да ойнайтын әкешімді, балалығымды, ауылымды сағындып жүрмін тым қатты...)