Наурыз мейрамы мемлекеттік ауқымда мерекеленгелі оның атрибуты ретінде түрлі ертегілердің кейіпкерлері телініп келеді, бірақ
Наурыздың қадырын арттыра түсетін кейіптің бірі – Қыдыр ата. Ол туралы наурызтанушы Сафар Абдулло, «Появление Навруза»: «Ежегодно, во время Навруза, по преданию Fravahr (Қыдыр ата – С.Е.), то есть духовная сила предыдущих поколений, спускается на землю, чтобы увидеть как на земле почитаются обычай предков» - дейді. Мұндағы Fravahr - «пір аба ыр» сөз тіркесі болуы ғажап емес, бұл сөз ежелгі пехлеби (пахлаби – этнос емес, жазба тіл) тілінен, кәзіргіше таратсақ – құдыретті (ыр) пір абыз.
О баста, Қыдыр ата Көктің періште өкілі ретінде құт таратушы міндетін атқаратындай киелі тұлға. Тіпті, «қыдыр» сөзінің өзі түркілік «құд» және «ыр» (гір, ғыр, ғар, гер жұрнақтарының арғы түбі) тіркестерінен туындап, «құт үлестіруші» мағанасын білдірген. Кейбір аймақтарда «қыдырдың» орнын [З] мен [Д] дыбыстарының алмасу мүмкіндіктеріне орай «қызыр» сөзі басқан. Алайда, бұл тұлғаға Ілияс пайғамбар кейпін қосарландыра қабылдау сіңіскен түркілік орта да бар.
Қыдыр мифтік қаһарман міндетінің астарында терең таным жатыр: түркі сенімі бойынша, әрбір жан өзінің ниеті мен еңбегіне орай Жарылқаушыдан сәйкес түрде несібе алуға мүмкіндігі бар. Ал, құт дегеніміз – Жарылқаушының киелі несібені дарыту, баянды ету құдыреті! Бұл сөзбен Ебропада «гуд» түрінде Жаратқанды атайды. Қазақтар бүгінде бірін бірі «Құтты болсын!» тіркесімен құттықтауында «жақсылықтың баянды болуы Жаратқанның бұйрығымен бекісін» деген тілек бар.
Қыдыр кейпіне түркілердің ежелгі Шырша мерекесіне тарихшы Мұрад Аджының («Кипчаки» кітабы, «Праздник ели») мына мәліметінің де қатысы бар: «Праздник сперва посвящался Йер-су, который жил в центре Земли - в месте отдыха божеств и духов.
Рядом с Йер-су был Ульгень, старик с густой белой бородой. Люди всегда видели его в богатом красном кафтане. Ульгень был главой светлых духов. Он восседал на золотом престоле в золотом подземном дворце с золотыми подземными воротами. Солнце и луна подчинялись ему...
... Ульгень, как говорят предания, иногда менял свой облик. Тогда его называли Эрлик. Впрочем, возможно, Эрлик был братом Ульгеня... Сейчас трудно докопаться до истины, столько веков прошло. Наверное, это и не так важно.
Куда важнее другое. У древних тюрков Ульгень и Эрлик являли собой добро и зло, свет и тьму...» Шамасы, тарихшы келтіріп отырған Үөлген кейпі бүгінгі Қыдыр ұғымына келеді. «Қыдыр» сөзі бүгінде қазақ тіліндегі елді,жерді аралауды білдірсе, «үөлген» (ульген) сөзі «йолған» айтылымының жіңішкерген нұсқасы болуы керек. Демек, ол «жолаушы, қыдырушы» мағынасында деген сөз.
Айналып келгенде, Қыдыр-Үөлген рух болып шықты. М.Аджы мырза келтіріп отырған «Ай мен Күнді бағындырған рух» сақтардың мына бір туындысында бейнеленген.
Уақыт өте келе Қыдыр кейпі басқа діндерден де орын алған. Алайда, Қыдыр міндеті тәңірлік танымның төл туындысы екенін жоққа шығару қыйын. Көк пен оның туындысы болып табылатын адамзат арасында құт пен құрбандық түріндегі алым-берім қатынасы мыңдаған жылдар бойы орныққан. Ебразиялық алқапты жайлаған бұл қатынас, тіпті, кеңес өкіметі тұсында да аталмыш «дәстүрді» Қыдырдың дорбалы Аяз ата бейнесінде сыйлық таратып, жалғастыруына ешбір кедергі болмады. Қыдыр атадан бата тілеп, бас таңды көз ілмей өткізу ежелгі түркілердің дәстүрі болатын. Бүгінде ол түрлі адамзаттық сыйпаттағы ғұрыпқа айналды.
Десек те, Қыдыр атаны Аяз аталық деңгейге түсіріп, "тірілтудің" қажеті шамалы. Оны Жаратқан періштесі түрінде бата беруші, береке мен ырыс дарытушы ретінде қалдырған мейлінше абзал болар.
Бәлкім, 21-нен 22 наурызға қараған түнді ұйықтамай таң асырып, Қыдыр күтіп, Бас таңды қарсы алу түрінде өткізгеннің айыбы жоқ.