Құзғын қарға!

«Не болып қалды?!» Бұл Ұлағаттың түн ұйқысын төрт бөлген уайым-қайғысы. Осы сұрақ көкірегін мазалап барады. Түнімен көзі айқаспай ары дөңбекшіп, бері дөңбекшіп, кеше кеште хатшы қыздың: «ертең ерте бастық сені шақырып жатыр!»,- деген хабарламасынан кейін ойланып көз ілмей отыр. Тіпті көз алдына басшы мырзаның елесі келе беретін деңгейге жеткен.

-         Не  болып қалды екен?! жұмысым ұнамады ма екен әлде?! «Ертең жұмыстан шығасың»,- десе не істеймін? Кеше келіп, бүгін шыққаным ұят қой. Көзге түсейін деп тырысып-ақ жүр едім, қай қылығым ұнамады екен ,- деп  Ұлағат тар бөлменің терезесінен кең көшелі қаланың таңғы табиғатына қарап, қардың сол бір мамықтығын да, әсемдігін де сезбей бар ойлағаны хатшының айтқаны, бастығының не дейтіні туралы уайым болды.

    Ұлағаттың төрт жасында  әкесі жол апатынан қаза тапқан. Анасы байғұс екі баламен жесір қалған еді. Артынан ерген қарындасын оқуға түсіру үшін табанын тоздырып, бір кәсіпкердің фирмасында аудармашы болып жақында ғана жұмысқа тұрған болатын. Мектептің өзінде алғыр Ұлағат ұстаздардың көзіне түсіп, барлық сабағын тек «беспен» оқыған. Өз күшімен жоғарғы оқу орнына түсіп, оны былтыр қызыл дипломмен бітірді. Момын жігіт, қыз баласына қарсы келіп сөйлеу былай тұрсын, ашық сөйлесуге қысылатын. Ал ондай жігітті қыздардың басым көпшілігі ұната бермейтін-ді. Қыздардың мінезі белгілі нәрсе ғой, ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын, дөрекі, қысқаша айтқанда, арсыз жігіттер ұнайтыны бетенеден белгілі.

Қаңтар айының басы. Қар төпелеп жауып, даланы аппақ нұрымен аймалап, жапалақтап жерді құшып жатыр. Қыстың шуағы да, бар бақыты да осы еді.

        Ұйқысын аша-алмай терезеде әлі телміріп тұрған Ұлағаттың маңдайында қызыл айдар қауырсыны бар. Кәрі қайыңның әлсіз бұтағын иілдіріп, шекпенді шенеуніктің баласындай семіз қарғаның қарқ деген үні терең тұңғыйықтан суырып алғандай болды. Бір сәтке тыныштық орнап әлгі қарға шоқ көзімен Ұлағатқа ұзақ қарады. Тепсе темір үзетін жігіт шошынып:

-          Мына пәленің есі дұрыс па?! Сұқтанып қарағаны несі? Бірақ ол тіршілік иесі  адамдардан жақсылық күтуге болмайды. «Қарға-қарғаның көзін шұқымайды» дегенімен, қазақ қазақтың нанын тартып жеп жатқан заманда қарғаны қайдан аясын ,- деп сойлеп қояды.

Қарға ұзақ қарап отырды.

         Ұлағат аппақ қарды сықырлатып, қалада жалғыз өзі тұратындай бір сәттік жалғыздықта тып-тыныш тымпылдап, мамық қарға алғаш ізін салып, жұмысқа өкшесі-өкшесіне жұқпай жылдам жүріп бара жатыр. Көше тыныш. Жүрегі бір қуанышты немесе жамандық болардай атқақтап тулап қояр емес. Алғаш Самалға ғашық болғанда,оның жаңына жақындай түскенде жүрегі дәл осылай дамылсыз тыпырлаушы еді. Самал – көзі ботаның көзіндей мөлдіреген, қою қара шашты, арық, бойшаң, ақ құба сұлу қыз. Бойжеткен Ұлағат жұмыс жасайтын фирмада есепші болып жұмыс жасайтын. Оны ұнататынын білдіргісі келмесе де, көз алдында отырса минутына 7-8 сұқтана қарап терең ойға кетуші еді.

-         Сені сүйем жаным, сені ешкімге бермеймін, ешкім де сені ренжітпейді,-

деп, қиялында ашық алаңқайда көк шөптің, көк алқабтың маңында құшақтап шыр-көбелек шыр айналып жүруші еді. Ал оның шынайы көз қарасына секундита қарап тұра алмайды, ол сөзге тартып сұрақ қойса, дір-дір етіп бір сөзді он қайталап жауап беруші еді. Ал бұның бәрін Самал сезетін және ол да  Ұлағаттың ашық мінезінің шынайылығына іштей қатты ғашық болатын.

Қараңғы дала. Көкірегінің тұсына күзет жеп жазылған үлкен ғимараттың алдында темекісін бұрқыратып тартып, екі аяғымен тепсініп, жылынып тұрған кеңсе күзетшісін көріп жұмысына кірісті. Ойланып жүріп қалай тез келгенін өзі де ұқпады. Есік алдында аппақ қарды мыжырайған қара доңғалағымен мыжып, дөңкейіп тұрған дөкейдің қара машинасы тұр екен.

-         Мынау ылғи бірінші келмеуші еді бүгін мынаған бір нәрсе көрінді, не бүгін  бір шудың болары анық,- деп іштей күрсініп терең тыныстап есік

алдындағы күзетшімен «Ассалаумағалейкум!» деп амандасып, жауабын күтпестен ішке кіріп кетті.

Басшының бөлмесінің шамы жанып тұр, хатшы қыз орнында жоқ әлі, келмегенге ұқсайды. Не болса да кірейін деп терең демалып, бар даусымен: «Ассалаумагалейкум!» деп есік ашты.

-         Уағалейкүмассалам, кел төрлет, Ұлағат,- деп бастығы төрге шығарды.

-         Иә, аға, кеше кештетіп хатшыңыз хабарласты «ертең ертерек кел, бастық шақыртты» деген соң, соған тыныштық па деп келген едім.

-         Ааа тыныштық. Сен бала жұмысқа келгеніңе аз ғана уақыт болса да, әр бір ісіңді тындырымды жасайсың, жауап кершілікпен атқарасың деп мақтап біраз көпшік қойды.

-         Бұл бұрын бұлай жасамаушы еді  қарнын көтеріп айына бір-рет кеңсесінен шықса шықты шықпаса келіп тексеруді білмейтін. Өзіміз келіп мынау дұрыс па десек ерні суланып, түрі бұзылып бір оқырынған бурадай айқайлап темекісін бұрқыратып,түкірігі шашырап кемшілік айтудан өзге  ештеңе білмейтін мынаны жын соққан ба?-деп  аң-таң  болып, таңырқап айтқан сөздеріне мән бермей ойланып қалды.

-         Әй, сен мені тыңдап отырсың ба?

Селк еттті, шошып Ұлағат апырақтай.

-         Ау, иә ,иә тыңдап отырмын айта беріңіз.

-         Қысқасы бүгін Ресейден Көшетауға үлкен басшылар келеді. Жиналысқа сен барасың, кеше айтпағым осы болған. Бір үлкен істің бастамасына келе жатыр бір құжатқа қол қою керек, сол жиынды сен жүргізесің, барып жақсылап жүргізіп қайт,- деп жымия қарады

бастығы. Ұлағат түк түсінер емес. еее осы екен ғой жүрегімнің тарсылдағаны бір жақсылық болды, апам қуанатын болды деп тағы болашағын болжай қиялдап кетті. Бастығы:

-         Саған не болды, жүргізе аласың ба? - деп бажырая қарады

-         Аааа иә,иә уайымдамаңыз, үмітіңізді ақтаймын,- деп қуанышын

білдірді Ұлағат

-         Олай болса, қазір үйіңе қайт жолға дайындал. Саған түс ауа ұшаққа билет алынып қойған,- деп алара қарады

-         Жарайды,- деп жас баладай қуанып, алаңғасарлана орнынан атып

тұрып жақсы хабарды анасына жеткізбекке асықты. Есіктен шығып бара жатып Самалды көріп орнында тоқтай қалды. Жақсы жаңалықты оған да айтып, өзінің ұнататынын білдіргісі келіп бойына ерекше  батылдық келіп оқтала Самалға қарай нық-нық адымдап қасына келіп баяу қатулы үнмен:

-         Сәлем! Қалың қалай,- деп қуанышты жүзбен қарады

-         Сәлем! Жақсы рахмет. Өзің қалайсың? Бүгін ерекше қуаныштысың ғой,- деп сызыла қабағының астымен қысыла қарап. Баяу үнмен жымиды Самал

-         Жақсы рахмет! Не ғой...жаңа бастық мен сені,сен мені...не... қысқасы, мені бүгін үлкен қонақтарға Көкшетауға іс-сапарға жібергелі жатыр, соған кетіп барам,- деп қасқырдың алдындағы қояндай күбілжіктей

бірдемені түсіндірді Ұлағат

-         жарайсың, жақсы барып қайт! Сені сағынатын болдық қой,- деп наздана сөйледі Самал.

-         А? Сағынам! Сен де ме? Ой, кешір мен саған бір кеудемдегі жұмыр еттің үнін жеткізбекші едім, тыңдашы мені. Самал, неден бастарымды білмей тұрмын, сен маған бір түрлі жо-жоқ әр-түрлі ииииииии ой сен сүйкімдісің.

-         Рахмет сол ма айтқың келгені?! – деп күлді ару.

-         Иә а жоқ сен маған ұнайсың,- деп Ұлағат қызара иығындағы ауыр жүктен босағандай күй кешті. Самал жүктің ауырлығынан тілін жұтып қойғандай үнсіз қалып біраз тұрып:

-         Ұлағат, аман есен барып кел! Сені сағына күтем жауабымды келген соң берем,,- деп төмен қарап, Ұлағаттың жүзіне бір қарап бетінен сүйіп бұрыла кетіп калды.

Жігіттің жүзінде қуаныш Үйіне асығып аялдамаға қарай беттеді. Автобустың ішіне ентелей кіріп бос орындыққа жайғаса терең демалып, жан-жағына мақтана қарап ойланып кетті.

-         Әкем осы жетістігімді көргенде қуанар еді. Менімен мақтанар еді әттең деп ойланып отқанда бағанада қонақтап отырған, таңертең көрген қызыл қауырсынды,қызыл көзді өзіне қадала қарап отырған қарғаны көзі шалды. Неге қадала қарайды деп тағы үнсіз қалды.

Қарға артынан қарап қалды.

Бала күнінде еміс-еміс есінде қалған әкесінің дидиары әлі күнге дейін сағыныш. Анасы ұрысқан кезде, өкпелеп көрпенің астында еңкілдеп «Әке сен қайдасың, алып кет мені» деп жылаушы еді. Сағынышы өмірін өртеген, өзегінен аққан арманы бейне бір сағымдай. Үнемі түсінде көретін. Кел-кел деп шақырған әкесіне бейне бір мүгедектей жете алмай, аяғы жансызданып, адымға баспайтын. Жанып - өшіп, терлеп – тепшіп жеткенінде оянып кететін.

                Ұлағат қуанышы қойнына симай есіктен төпелей кіріп,

-         Апа, мен келдім деп жадырай жөнелді.

-         Астапыралла әсте мынандай уақытта келмеуші едің ғой тыныштық па?

-         Апа, мен жолсапармен бастықтармен бірге бүгін Көкшетауға кетіп барам соған ерте келдім

-         Ойбай! Неге асығыс, немен барасыңдар деп анасы үрейлене сөйледі

-         Ой, апа, уайымдамаңыз! Фирманың жеке ұшағымен, бүгін түсте ұшамыз, түс ауа жиналыс басталады-деп Ұлағат желкіне,қуана айтты  .

-         Балам,  апырақтамашы! Осы ұшақ-пұшағыңнан қорқамын, бармасаң қайтеді?

-         Тоооу, апа менің осы жетістігіме мақтанудың орнына жол кеспеші.

-         Құдай-ау, қуанамын ғой! Мейлі, не де болса аман барып қайт. Киіміңді ауыстырып кел шай қойып қояйын!

-         Жылдамдат апа кешігіп қалмайын.

-         Жарайды.деп апасы үнсіз өзімен өзі тілдесті.

- Е құдай! Өзің тіл көзден сақтай көр.Жалғыз қарашығымның қорғаны бола көр. Осы, баланың апырақтағаны жаман бірдеңеге ұрынбаса етті. Ооо, Құдай. Несіне қорқам, қазір екінің бірі ұшып жатыр емес па? Жолын кеспей отқа май тамызып,басынан тұз айналдырайын, деп  анасы өзін жұбатты.

Атауын ішкендей, терлеп тепшіп сүт қосылған қара шаймен, бал қаймақты мыжғылап, тойаттана,бетін сипап дастарқаннын тұрды. Жолға шығуға дайындалып

-         Апа, жарайды мен шығайын!  Маржан  сабақтан келсе ағаң іс сапармен Көкшетауға кетті дерсің.

-         Айтам ғой ботам! Өзіңе абай болшы. Әлгі құрғыр жиналысыңды жақсылап өткізіп қайт.

-         Жақсы апа мен кеттім деп есікті тарс жауып  шығып кетті.

 Есік алдындағы кәрі қараталдың бұтағына жантайа жайғасқан қара қарға Ұлағаттың артынан тағы да қараған күйі қалды.Анасы елжіреп, артынан су шашқан тұрысымен тұрып қалды. -Аман барып қайт, құлыным,деп. Анасы көзбен шығарып салды.

Ұшақтары сәтті қонып аман есен Көкшетауға жетті. Бастығының үмітін ақтап жиналысты ойдағыдай атқарды. Бүгін кеште Қайта Алматыға ұшатынын, қызметінің, бұйырса, өсетінін айтып анасына хабарласып Ұлағат қуантып қойды.

Әуежайдан Көкшетау- Алматы бағытындағы жеке ұшақ сапарға аттанды.Сабақты ине сәтімен бүгінгі күннің мұнша жаңалық әкелгеніне қуанып ұшақ терезесінен Алматыны төбеснен қарап аз ғана уақытта үйде боламын деп қуана қарап шыдамсыздана қашан қонады деп жан-жағына жалтақтап отырды. Бір кезде ұшақ теңселе қолайсыз қимылдап, жарықтың барлығы өшіп, Қызыл шам жалтылдап жанып өшіп  бір апаттың болатынын ескертті. Ұшқыштар

-         Саспаңыздар, аздаған келеңсіздік болып қалды,- деп сабырға келтіріп қояды.

Кішкентай терезеден Алып Алматының маңына қара түтіндетіп  құйындатып,құлдилап ұшақ құлап келе жатыр. Мылқау адамдай сөйлей алмай, жан-жағында жанталасып жатқан адамдарға қарай шошып, қорқыныштан Ұлағат есінен танып қалды.

    Көзін әлсін-әлсін ашса, алдында алып ұшақтың қирандысы жатыр. Жан-жағында бөлшектенген адамның денелері Ал өзі қап-қара болып денесі шала күйген.Бір аяғы мойнына асылып денесін қимылдатуға шамасы жетпейді. Көзі қанталап, шекесі жарылып басынан аққан қою қан үрейін ұшырды. Айдарлы қарғадай аспанға бір рет қанат қағуға талпынып жерден денесін көретуге тырысып талықсып жатып жан- жағына қараумен болды. Сол жақ тұсы ауырсынып, бір қолы кері қарап, екінші қолымен құстың қауырсынындай жұп-жұмсақ болып езіліп кеткен төсін ұстап тірі қалудан күдерін үзді. Жамбасының етін жарып  шыққан жамбас сүйегіне әуелеп келіп қарқ етіп баяғы қызыл көзді қарға қонды.

-         Ахх, жаным! Сен менің ажалым екенсің ғой. Тесіле қараған қызыл көзіңнен қорқып едім.  Бүгінгі күннің нышаны жақсылық емес, тағдырдың берген тауқыметі мен көрер қызығымның нүктесі екен. Өлер алдындағы аманатымды айтар адам емес құзғын қарғаның болғаны-ай.Менің жалғыз анам мен артымнан ерген қара көз қарындасым саған аманат. Менің көрмеген қызығыммен қалған ғұмырымды соларға бер.Ниетіңе жетіп, жанымды алдың. Аманатымды орында!

Қарға қарқ етіп, "кәлимаңді келтір, ажалыңа дайындал" дегендей қалықтап барып тағы да ұзақ қарап тұрды.

Бетінен ерекше самал жел есті . Міне мені Самалым аймалап жатыр, сенің жүзіңді көру арманымен кететін болдым. "Е, Аллам, менің сүйгендерімді аман қыла көр тек жақсылық көрсет",- деп көзін қарауылытып  жұмып, ақырғы демін алды.

Төтенше жағдай қызметкерлері Ұлағаттың үйіне хабарласып қаралы қабарды жеткізді.

-         Жалғызымның жанын ала көрме жаратқан деп зарлы дауысымен жоқтаған анасы тұтқаны ұстаған күйі тұрып қалды.

Терезеден, сілейе тұрып қалған анасына сырттан қарға қадала қарап тұрды.

P.S Қазақстанда 27 желтоқсан, 29 қаңтарда әуе апатынан қаза тапқан әрбір азаматымыздың көкірегінде осындай орындалмаған арманы қалғаны хақ.



Бөлісу: