Күзгі күй

Күзгі күй
жеке
блог

         Мінеки, әне міне дегенше көптен  бері аңсап, көп уақыт сағына күткен ғажап, әрі жан баласы ұғып білмес, құпия мен сырға толы  күз мезгілі де келіп жетті. Табиғат ерекше бір әсемдікке бөленіп, қасиетті Жер ана таңғажайып сұлулыққа кеңелді. Бірақ  күздің адамзат баласына сағыныш,  я қимастық сезімін ала келетіні де рас. Күз мезгілі келісімен, күн салқындап, құстар жылы жаққа қарай қанат қағып, адамдардың жүзінен  мұң байқалады. Жаз немесе көктем айында қоршаған орта аса бір түрлі түсті  ғажайыпқа толы болса, күзде сол құбылыс  бізбен біраз уақытқа қоштасқандай болып көрінеді.

          Таңертен ерте тұрып, ұйқым қанбай ылғи да терезе жаққа қарай беттейтін күнделікті әдетім бар еді. Осы әдетіме басып бүгінде дәл уақытында оянып, айналаны, ауа райының  қас қабағын байқау үшін  терезеге қарай бет алдым. Айнала тып-тыныш. Көп қабатты үйдің терезесінен  қарап тұрып далада ешкім жоқ екенін бірден байқадым. Мен үшін бұл үйреншікті жағдай, себебі біз жақта адамдар аз тұратын. Бүгін мен көзді ашып жұмғанша күз мезгілінің екі  айы өтіп кеткеніне қатты таң қалдым. Күнделікті күйбең тіршілікпен осыншама уақыттың қалайша тез өтіп кеткенін өзімде түсіне алмадым. Алдында ғана өзім көптен бері армандап жүрген оқу орнына  алғаш рет  бармақшы болып үйде аласұрып,асығып  жүгіріп жүргенімді есіме алдым. Әкемнің:  «Болсаңшы енді қызымау қазір кешігеміз, жолда  кептелісте тұрып кешігіп қаласын, бірінші күннен кешіккенін болмас»,- деп мен үшін алаң болып жатқаны,анамның маған және інілеріме шай дайындап нұрлы жүзбен сүйкімді, мейірімге толы күлкісімен мені үйден шығарып салғаны бәрі көз алдымда  тізбектеліп жүріп өтті. Оның бәрі сол керемет күннің еншісінде қалғанын ұмытқан жоқпын. Енді тез арада жиналайын деп күнделікті істеп жүрген істерімді  орындау үшін ең алдымен ас үйге барып, шәйнекті отқа қойдым. Бұл үйдегі шәйнек менің ажырамас досым,екеуміз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Дәл бүгінгідей салқын ауа райында  осы шәйнек маған ең қажетті нәрселердің бірі. Ендігі кезекте жуынып, шай ішіп үйдегілермен қоштасып аса бір қуанышпен оқуға қарай бағыттадым. Жазда алуан түрлі гүлдер мен сансыз көп жәндіктердің басқада тіршілік иелерінің мекеніне айналған, көктемде тамаша тылсым дүниеге толы, қыста тазалық пен балғындық есетін жанымның, менің балалық шағымның ажырамас бөлігіне айналған РАХЫМБАЕВ көшесі қазіргі шақта, күз мезгілінде, өз еркінен тыс табиғат заңына қарсы шыға алмай, адамдар мен қоршаған ортаның  күйіне қарай ауысып, белгісіз тылсым күшке еріксіз бас иіп тұрғандай. Осы аталмыш көшемен жүре отырып, жолдың арғы жағында орналасқан аялдамағада келіп жеттім. Көп күткізбей өзі де ішінде отырған жолаушылары да көптен бергі таныс сияқты болып кеткен автобуста келіп  жетті. Ішінде отырып адамдардың жүзінен олардың өз қалауларынан тыс жабырқаушылықты байқау қиын емес. Сонда да адамдар арасында күздің билігне бас имей, тағдыр тосынсыйларына қарсы шыға алатын жандар да кездеседі. Әр адамның өзіне тән ерекшеліктері мен басқа жан баласының бойынан кездестіру қиынға соғатын жақсы қасиеттері болады. Әрқайсысының тағдыры әр түрлі бірі ешкімді аямайтын, көз жасына қарамайтын тағдыр атаулыдан таяқ жесе бірі осы тағдырдың тәтті сыйына белшесінен батқан. Бәріде алма кезек екенін менде іштей ұғып түсініп өз басыма бұйырған тағдырдан  тек қана жақсылық күтемін. Ол жақсылықтың менің өмірімде болып жатқанында іштей сезініп, бар жан дүниеммен тағдырға алғысымды айтамын. Күзден тек қана жақсылық пен ізгілік күткеніміз дұрыс. Табиғат заңына сәйкес айналаға күз келсе де, жан дүниемізге ешқашан да кірбін түспесін.