Күзгі кездесу мен қоштасу
блог
Ассалаумағалейкум құрметті массагетшілер. кездеспегелі көп болды. Сары дала, тунгі жулдыз, жарқыраған әлем көз алдымда сақталып, көңілімде мұң тұндырды. бүгін мен барлығын өзімше қабылдап, махаббаттың ақ кемесіне отырып жүзіп кете салуды ойладым. алайда, көргенім коңілде тұнып, сүйгенім қарсы алдымда қолын бұлғап қоштасып кете барды. Жоқ, мен кездесуді айтып жатқам жоқ. жай ғана риасыз, тап-таза махаббат. Аспанға таңырқай қарадым, неге жұлдыздар соншама аз? неге салқын самал жанымды жауратады? Ақын емеспін, жүрегім ауырса өлеңдетер, әнші емеспін, тамаша әнмен тербетер. жай ғана адаммын ғой екі қолы ,жүрегі бар. сонда, ойлаймын, жүрек сағыну үшін бе? жоқ алде, ауырып қана жүру үшін бе? егер мендегі толғанысты ашып, жайып жіберсе, онда мынау әлемге сыймай кетердей. Ойлаймын, мун шертемін, сагынамын, караймын. Сары күз сұлулыққа таң қалдырдың да, сұлуымды тартып алғаның ба? Сүю жүрек дерті! Махаббатта мұң мен қайғы көп болғаны ма?