КҮЗГІ ЖАҢБЫР

КҮЗГІ ЖАҢБЫР
жеке
блог
Күзгі жаңбыр, сездірдің күздің демін, 
Адастырды салдары бізді ненің?! 
...Терезеден телмірген бір бойжеткен, 
Жанарынан жас емес үздіме мұң?..

Күзгі жаңбыр...көңілді-ай, құлазыған, 
Мен енді,ем таппаспын сірә,бұған. 
...Құба қайың үзгенде жапырағын, 
Жүрегіммен күбірлеп дұға қылам. 

Осы күздің мен үшін жөні бөлек, 
(Періштелер жүрсе екен сені жебеп) 
...Жаңбырдан күтсем егер жылылықты, 
Ұқпағаны адамдар мені, демек. 

Күзгі жаңбыр, сен едің бар мұңдасым, 
Төкпесінші жүрегім жалғыз жасын. 
Оралмайды...ол енді оралмайды, 
Соны ұқтыршы көңілім салқындасын...