Тәтті сезімге бөлеп, ашы мұңын сыйлаған, сені сүйдіріп, басқаға қимаған, жүрегімнің тамшыларын жаңбырымен төккен, көңілімді айнытпай бейнелеген күңіренген күздің соңғы күні...
Көзді ашып - жұмғанша қаншама айлар, сағына күткен күндер, көз ілмей таң атырған түндер, сағынышқа толы сағаттар, мұңға малынған минуттар, сен сезіне алмаған сезімге толы секундтар бір - бірімен жарыса өтті десеңші... әлі де өтуде...
Сезімнің періштесіне балаған жан,
Сен бе едің жүрек шіркін қалаған ән.
Күлімдеген бейнеңе қараймын ауық - ауық
Жыртығын жүрегімнің жамаған боп.
Сағындым елде жоқ өткір жанарыңды,
Күтіп жүрмін сағына хабарыңды.
Түсіне алмай шашырады ойларым
Үн - түнсіз берген маған сабағыңды...