Күздің 10 ерекшелігі
блог
Жүрегімді жырға бөлеп, сезім бесігіне құндақтай орап, әуезді әнмен әлдилеген сан мыңдаған әлем ағаштары алтын жапырақтарды құшағына сыйдырып он сегізінші күзім де қылаң етті. Күлімдей атқан әрбір таң шуағы менің бақытты күндерімнің асыл айғағы.
Бұлқынып жатқан жұдырықтай жүрегімнің осынау күз мезгілін асыға күтетіні бар. Сонау өткен күндер елесінде қалған жазғы кештердe сұлу күз көз алдыма елестей беретін, ол маған алыстан қол бұлғап мені өзіне шақырытындай еді ,күш-қайратпен келуімді өтінетіндей ,ескертетіндей еді. Аса сұлу ешбір жанды жақындата, жылыта қоймайтын тәкаппар күздің де өз мұңы бар. Қалаулылар ғана оны түсінеді ,тілін табады. Оның бірінші ерекшілігі де осында. Қалаусыздарды күз жылытпайды , олармен әуре сарсаңға түспейді. Сондықтан болар , адамдардың көбі бұл мезгілді ұнатпай жатады ,айналасына қанағаттанбаушылық білдіреді. Болар-болмас нәрсеге мұңайып ,бастарын қатырады. Күздің екінші ерекшелігі - адамдардың көңіл-күйімен билеу, құбылту. Күздің жанын түсіну керек, онымен бірге тыныстау керек , иісін сезу керек. Бұл үшінші ерекшелік. Бұл – тазалықтың, пәктіктің ,балғындықтың иісі. Күздің өзіне тән суық мінезді тәкаппарлығының иісі де сезіледі ,ешкімге мойынсұнбайтын тоңмойындығы тағы бар. Төртінші ерекшелік –күзгі сарын ,күздің дыбысы. Жылы жақа ұшып кетіп бара жатқан құстардың қанат қағыстары мен қимастықпен қоштасқан үні, ағаш сыбдыры, ызғырық соққан жел ,жел ырқымен қозғалған ағаш бұтақтары мен жапырақтар үні. Содан кейін тек –тыныштық.
Қызыл, жасыл, сары, қоңыр сияқты түстердің алуан түрлілігі керемет үйлесім табады. Бесінші ерекшелігі де осында. Тек күз мезгілінде ғана осынша көп түстердің үйлесімін көруге болады.
Жауын-шашынның ең көп жауатын мезгілі де – күз. Жауынды ұната бермейтіндер баршылық. Жеке басым жаңбырды нұр ретінде қабылдаймын. Алланың нұры. Жаңбырдың көп нәрсені жасыратын, байқатпайтын қасиеті бар. Бұл- күздің алтыншы ерекшелігі.
Соншалық жапырақтардың мол қорын қай мезгілде көруге болады? Әрине- күзде. Бұтақтары жалаңаштанып, күннің суығына еріксіз налыған кейіп танытқан ағаш жапырақтары енді жерге түсіп, жерді серік етеді, жерге көрік береді. Бұл – жетінші ерекшелік.
Күзде кез-келген адам саябаққа барып, біраз демалып сергіп қайтқысы келеді. Себебі, тек осынау мезгілде саябақтарға жаңа келбет кіреді. Мұндай көріністі жіберіп алмау керек. Сегізінші ерекшелік – осы.
Махаббат дейтін сезімнің күз мезгілінде ерекше дамитындығын білеміз. Кейбірі жаны жалғыздықтан жараланып, дал болса, ал енді біреуі махаббат отына өртеніп әлек. Тоғызыншы ерекшелігі күз – барлығына емші.
Ең бастысы, күз – бұл төрт мезгілдің ішіндегі ең молшылыққа, тоқшылыққа толы мезгілі. Шын мәнінде, күз – жазғы кештен жылуы молырақ, көктемгі таңнан- балғынырақ, аязды қыстан да - тынышырақ. Осыны көбіміз байқамаймыз –ау..