Күзбен қоштасу

Алшаңдай басып, паң күлген
Бақыты басым бал күннен 
Естелік қалған аяулы
Ақсайға бүгін бардым мен.
Ілесіп тентек жанбырмен
Білдірмей жылап алдым мен
Өзіңмен бірге өткерген
Оралмас сол бір көктем мен
Мамырдың кешін керімсал
Егіліп еске алдым мен.
Боларын бұлай білгем бе?
Есем көп өткен күндерге
Құрысын сенсіз өмірім
Өлеңде ғана бармын мен!
Келісе алмастан тағдырмен
Үміт күткенмен әр күннен
Тағы ойлап оралмасыңды
Күрсініп терең алдым дем.
Жуылған күзгі жаңбырмен,
Біз ғана айтқан ән-жырмен
Екеумізді үнсіз өбетін
Орнында екен орындық
Мұңайып барып сол жерге
Өзгеше әнге салдым мен.
Орындық қалған, өзің жоқ
Тек құшып соны қалдым мен.
Тіл қатты сонда орындық
Жалғызсыраған, жарлы үнмен:
"Бір кезде бірге келетін,
Сыңарың қайда қалды?"-деп,
Айтарға сылтау таба алмай
Тілімді тістеп қалдым мен.
Екеуміз ғана келетін,
Екеуміз ғана білетін
Ақсайға жалғыз бардым мен!..
Айгүл Бадыр

Кеше Ақсайға барып қайтқанмын, туысқандардың үйіне, сонда туындаған шимай-шатпақ қой...сарылып, жабығып біттім... жатақханада жылап та алдым үндемей...қашанғы сені сағынып,қашанғы жылай беремін? қашанғы мұңға малынып, неліктен бұлай келемін?... шынымды айтсам бір махаббат машақаты ғана емемс қой, барлық нәрсе жиылып кеп, көңілді құлазытатын... содан келіп, ұрынарға қара таппай ескі естелікті, өткеннің тәтті сәттерін аңсаймыз. Басымды сүйеп, сырымды айтатын достарым қайда? Соншалық, қымбат жандардың құны көк тиын болып кетуінің себебі неде?

Өлеңімнің кейіпкеріне айналған, бірнеше жыл жүрегіме жүк артқан жігітті қашанғы жырлар екенмін... ұмытатындай уақыт өткен секілді арада...жарайды сол бала ғашық, сол бала аңсар күйінде қалсын сағынышым ғана болып...

Ал, достарым ше? Бір кездері қаумалаған қалың нөпірдің қарасы бүгін неге көрінбейді? Бәріне, бір пайдаң тиер кезде керек сияқтысың... немесе мен тым кірпияз шығармын...

Көпшіліктің арасында жүріп, өзіңді жалғыз сезіну неткен ауыр еді... 

PS:осы ақ парақ қой әзірше сырласым, ренжімеңіздер




Бөлісу: