Күзбен қоштасу

Күзбен қоштасу
жеке
блог

Армандай болған,

Жалғанбай жолдан.

Үзілді тағы ізгі үміт.

Сырымды ұрлап,

Бұрымын бұлғап

Қайырылмай кетті қыз қылық.

 

Жапырақ ұшып,

Қара жер құшып.

Өшті ме қайта ақ үміт.

Көңілі құлап,

Аққайың жылап.

Қалатын болды-ау, жабығып.

 

Жоғалып гүлдер,

Тоналып мүлдем.

Өзгертті өңін жасыл бақ.

Реңі қашқан,

Жылауық аспан.

Көз жасы қайтіп басылмақ.

 

Бір аққу, қалқып,

Күз күйін, тартып.

Сыңарын болар іздеген.

Алыстап жырақ,

Сары күз жылап

Қоштасты тағы бізбенен.