Күзбен кеткен қыз
блог
«Сәлем Массагеттiктер! Қалайсыңдар? Менi ұмытып қалған боларсыздар. Бiрақ мен сiздердi ұмытпадым. Мен үшiн қиын кезең болды бұл жаз. Бұл уақытқа дейiн мен үшiн " неге " деген сұрақтың жауабы жоқ болған. Мен үшiн " әр нәрсенiң себебi бар " болатын. Мен Массагеттен кетпекшiмiн. Неге деген сұрақтарыңызға себебiмен жауап берiп көрейiн.
Массагет кеш ендi,қош ендi. Сен ең бiрiншi менiң неге деген сұрақтарыма жауабыңды бершi. бәрi меннен терiс айналғанда сен неге үнсiз және алыста менiмен қалдың. Дос дегендерiм алыстағанда сен неге тағы менiмен қалдың. Сен кеткенде мен сеннен кетпес едiм. Саған көп рақмет. Себебi сеннен үйренгенiм көп болды. Үйренерiмде көп едi,бiрақ сеннен кетiп барам. Бiз ендi бiр бiрiмiзге керек емеспiз. Жоқ, мен саған керек емеспiн. Сен маған керексiң ғой. Бiрақ... Себебi бұрынғы Жанар жоқ. Йә, дәл қазiргi Жанар басқа. Мен.бұрынғыдай емеспiн. Бұрынғы деймiн. Бiрақ бұрынғы дегенiм қай кезең десейшi. Жазға дейiн тоқтамастан жүргенбе, жоқ әлде жаздан бастап жүре алмаған кезiм бе. Иә, мамыр айынан бастап бұрынғы Жанар ендi келмеске кеттi. Мен ендi бәрiн жаңадан үйренiп жүрмiн. Сол мамыр айынан берi мен керi сөйлеудi, жүрудi, күлудi, тамақ iшудi үйренiп келемiн.
Қазiргi Жанар қалам ұстап бұрынғыдай жаза алмайды. Қалам ұстауды да жаңадан үйрендiм. Өзi жылап, басқаларында жылауға мәжбүр ететiн жылауық қызың сеннен кетiп барады. Ендi жыламашы сен. Мен жылатпаймын. Сен менi кешiр. Бiр күнi,айлар не жылдар өткесiн қайта келсем қабыл аласың ба. «Иә» десең қашан екенi белгiсiз саған ораламын. Бiрақ күтпешi менi.
Маған өлiм мен өмiр арпалысы оңайға соқпады. Мен өмiрдi, өмiр менi таңдады. Мен күресiп келемiн. Жеңiске түбегейлi қол жеткiзген күнi ораламын. Бiрақ сеннен кетсемде табалдырығыңнан сығалауға рұқсат етшi. Жазылғасын келемiн саған. Менi түсiнуге тырысшы. Денсаулығым түзелгенде саған ораламын. Маған қиын,өте қиын. Кеш ендi, қош ендi Массагет!»
Массагет біреулер үшін жай ғана портал болар, мен үшән зәулім сарай. Массагет біреулер үшін жай ғана блогтұғыр болуы мүмкін, мен үшін бір әлем. Бұл ортадан дос та, аға да, әпке де таптым. Сырласып, мұң шағатын жаны нәзік Жанканы менің өміріме алып келген де осы Массагет болатын. Қай Жанка деп отырсаңыз, айтайын. Ол-Жанар Кәрім. Үрімдей қыздың жүрегі жайсаң, сынаққа төтеп бере алатын батыл қыз. Мұнда енді жазбаймын деп шешім қабылдаған Жанка осылай маған хтжіберіпті. Мұны жазу маған да қиынға соқты.
Жанар, СЕН менің жүрегімдесің! Достардың адалы сендей-ақ болсын! Сен Массагеттен кеткеніңмен, менің өмірімнен кетпейсің! Бұйырса, қуаншты күндеріміз көөөөп болғай! Аман жүр, жарығым!