Күз көрінісі

Күз көрінісі
жеке
блог

Күз...
Үнсіз дала...
Қасиетті күн ана ұясына баяулап батыңқырап, қоңырқай, қызыл ала кеш түсе бастаған шақ. Жетім қозыдай жаутаңдаған, зар мұңын ішінде сақтаған құм қойнау сары дала да үнсіз. Анау жерден сары құмның бораған дыбысы естілмесе, басқа тіршіліктің бәрі да баяулап ұйқыға еніп барады. Ал аспан әлемінде кіршіксіз ашық көгілдір бұлт түстері ене бастаған сәттен-ақ, жарқ-жұрқ еткен түймедей жұлдыздар. Жарты қырынан домбекшей айналып сәуле сеуіп,теңіз бетімен шағылысқан Ай бейнесі. 
Кеш түсе сабылысып құс жолымен ұясына қарай қанат қағып керуен тартқан әнші құстар. Қайнаған, шұжымалы тіршілік.
Үнсіздікке толасыған көл жағасы, толқыны шарпылысқан теңіз ұйқысы. Жерге қарай сабылысып түсіп жатқан, қоңыр күздің сап-сары жапырақтары. Адам жанына төніп,тәкәппарлықты, мәрттікті сезіндіріп тұрған биік-биік шыңдар, төбесі аспан мен астасып, ақ қары тақиядай басын жапқан ала таулар...
Саясы мен әлемді тербеген жетім әрі жалаңаш хәлдегі талдар. 
Қоңыр күздің мұңын ұғындырып, сағынышты желін ескен табиғат,құдты адам жанының бір бөлшегіндей...