Күз. Қиял. немесе алыста кезіктерген А..... ға.
блог
Күз келіп қалар ма мұң сыйлап бізге,
Көктен күн күлімдеп нұр сыйлап күзге.
Жанарыңдағы отыңа күйіп қалдым ба,
Түсімде ылғи жүремін жыр сыйлап сізге.
Ертең-ақ жатар жапырақ аяққа оралып,
Сол кезде біздер бақшаға таяп баралық.
Мен сизге сосын ән айтып берейін көркем,
Өзіңе жазған жырымды аяқтап алып.
Аспаннан сонда естілсін қаздың қиқуы,
Желбіреп артта қалады жаздың күй туы.
Сен сәл ғана күлімдеп төмен қарайсың
Көркем мінезі емес пе қыздың бүйтуі?!
Бұрымдарыңнан сипауға батылым бармай,
Жүрегім дүрс-дүрс етеді ақылымды алмай.
Өзімді сосын қоярға жер таппаймын да
Әп-сәтте барып қайтамын шақырымдарға-ай.
Жастықтың күні, дәриға, озбастай менен,
Махаббатымды мәңгілік тозбастай көрем.
Сен алшақтау тұрасың сабырың кетіп
Жаныңа барып ақырын сөз бастай берем.
Әдемі әзіл айтылар сырлар да көптен,
Сағыныштарды қайтеміз жылдарға кеткен.
Сен сірә, қалқам, сары түсті үнатпайсың-ау
Қашан келеді дейсің бе қырларға көктем.
Романтиканы ұнатпас қыз жоқ деседі,
Тәтті күндерді жүретін іздеп кешегі.
Арадағы осы әдемі сезім болмаса,
Мені де саған, сұлу қыз, “сіз” детпес еді.
Біздерге мынау бейтаныс қала бөтен-ау,
Қасымда болсаң қуанып қалады екем-ау.
Қайтайық дейсің қолыңмен батысты нұсқап
Иә-иә... рас, күн батып барады екен ау!!!