Күз келбеті

Күз келбеті
жеке
блог

Адам баласы өте талғампаз келетіні барлығына мәлім. Сынға ұшырайтын нәрсенің қызметі, өмірдегі орны, пайдасы мен зияны қандай болса да әйтеуір, адамның талғампаздық қасиетінен өзінше бағаланып жатады. Осылай сынға ұшырайтын дүниелердің қатарынан, әрине, мезгілдің төрт кезеңі де шет қала алмайды. Бұның себебі де аз емес. Адамзат өзіне қатысы жоқ дүниелерге де пікір білдіріп жатса, өзін күнделікті қоршап тұратын, оның үстіне белгілі мерзім сайын өзгеріп тұратын, оның үстіне белгілі мерзім сайын өзгеріп тұратын, әртүрлілігімен ерекшеленетін, салыстыруға әбден лайықты  кезеңдер сынға ұшырамай қайтсін? Осыған қарап бұл мезгілдердің бірін жақсы көріп, бірін ұнатпағаннан не пайда деген сұрақ туады. Себебі қалай болғанда да төртеуі де өз кезегімен өтеді де кетеді. Ал адамның қолынан бұл тоқтаусыз процессті өзгерту келмейді.

Ал енді әңгіме осы мезгілдердің ішіндегі ең ерекшесі күз жайыда болмақ. Бұл мезгілге ерекше деген атақ беруім тегіннен емес. Ең бастысы және сөздеріме дәлелді негізгі себеп ол күздің ең еңбекқор мезгіл болуында. Көз алдына мектепке асыққан оқушылар, оқуын сағынған студенттер, жаңа қарқынмен кіріскен жұмыскерлер т.б. сол сияқты жұмыстары қызған адамдар елестейді . Жұмыс демекші ең қызу жұмыс ол астық жинаушылар да екенін ерекше етіп ескерген жөн. Себебі дәл осы мезгілде астықтың, жемәс-жидектің, барлығы пісіп жетіледі. Бұл күздің тағы бір көрнісі. Яғни барлық өсімдіктердің өсіп-өнуінің соңғы кезеңі Осыдан кейін қақаған аязы ба ызғарлы қыс келеді де тірі өсідіктердің өнуіне мүмкіндік бермейді. Осылармен қоса күздің керемет көрінісін шет қаолдыруа болмайды. Себебі күз дегенде ең алдымен жемістер де, қызу жұмыс та еске түспейді. Ойға бірінші оралатыны керемет-көрінісі. Сары түсті ағаштар, сары жаңбыр және дәл сондай кілем осы мезгілдің көркін ашады. Бірақ осы керемет пейзаждың ажырамас бір бөлігі жаңбыр екенін ескерген жөн. Біріне ұнар, бірі жақтыртпас. Дегенмен Алматыдағы жаңбыр әдетте жерді балшыққа айналдырып, жүрер жер таба алмайтынжайымыз бар. Сондықтан ұнамды жаынан ұнамсызы көптеу. Мен үшін бұл кезеңнің тағы бір ерекшелігі туған күндердің көптеп болуы. Біздің отбасы күз басталса осы мейрамды тойлау, кәдімгідей, бір кезекпен орындалатындай.

Құстардың жылы мекен іздеуі, жануарлардың ұзақ ұйқыға кетуі бұл мезгілдің тағы бір ажырамас бөлігі екені анық. Сонымен қоса қызықты көңілді өтетін, аданың табиғатқа көмегі, дәлірек, өзінің қолымен істегенін мойнымен көтеретін сенбліктер де ескерусіз қалмау керек. Яғни бұл да адамдардың қысқа өзінше бір дайындығы. Олар ас әзірлеп, жылы тоңдарын дайындап қана қоймай, өздері тұратын мекеннің де көркеюіне ықпалдарын тигізеді.

Қысқасы, алдағы айтылғандардан күздің алтынға теңелуі жайдан-жай емес екенін түсінеміз. Ол тек түсіне ғана емес, күздің берері көп болғандықтан айтылғанын түсінеміз.