Күз
блог
Кеше ғана жүрегіміз алып ұшып, мектеп бітіріп, жазғы күндерімізді үлкен үмітпен, қуанышты хабар күтумен өткізіп, студенттік өмірдің бір айын артқа тастап жүргенде, күздің де екіші айына қадам басып жатырмыз.
Бақша ішіндегі кейбір ағаштар сары түске боялса, кейбірі әлі жасыл өңін жоғалтқысы келмейтіндей көрінеді. Сол сияқты мағанда күз мезгілі енді ғана келгендей сезініп жатырмын. Өйткені күн лезде суытып, аспаннан бұлт қаптап, сіркіреп жауған жаңбыр одан әрі күшейе түсуде. Әйтседе, күз мезгілінің мінезі адамдардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізер емес. «Алақай, бұл мезгіл маған ұнайды!»-дейтіндей көрінеді. Ал, кейбір жандардың жүрегін сыздатып, «Уақыт осыншама тез өтеді екен-ау?! Күздің де келіп қалғаны ма?»-деп жабырқаулы, солғын өң танытады.
Бау-бақтардың іші сап-сары жапыраққа төселіп, жаз мезгіліндей құстардың даусы да естілмейді. Күз-береке мен молшылықтың айы.Күздің өзіне тән ерекшеліктері өте көп:Мәселен:
1. Жапырақтардың сарғаюы
2. Ауа-райы салқындап,жауын-шашынның көп болуы
3. Құстардың жылы жаққа ұша бастауы
4. Егін жиналып,жеміс-жидек пісіп болып,қысқа дайындықтың басталуы
5. Жаңа таныстық,жаңа өмір парақтары
6. Өмірге тағы бір сәбидің келуі
7. Журналисттерге күш-қуат беретін мезгіл
8. Сабан той
9. «Күзгі бал» мерекесі
10.Ең бастысы маған жарық дүние сыйлаған анамның дүниеге келген мезгілі
Міне, мен үшін күз мезгілінің орны осындай.Күз-жаз мезгіліндей болмайтыны анық.Әйтседе, жүректеріңізден жылылық кетпесін.