Жақсылық жасай жүріңіз!
Біздің қоғамымызда қайырымдылық жасауға жаны жақын жанашыр адамдар аз емес. Солардың бірі «Демеу» қоғамдық қоры көптеген қайырымдылық шараларды ұйымдастырып, игілікті істер атқаруда. Аталған қормен облыстық қуыршақ театры бірлесе отырып, Төлеби ауданының мүгедек балаларының назарына Мархабат Байғұттың «Достық мектебі» қойылымын ұсынды. Нағыз достардың адал болу керектігін көрсететін спектакльдегі тырна мен түлкі, тырнатай мен түлкішек образдарын керемет сомдау арқылы театр әртістері мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Тіпті, қойылымда кейіпкерлер орындаған әсем әндердің өзі көрермендерді ертегі еліне баурап ала кеткендей...
Қойылым соңында түлкі, тырна мен тырнатайдан кешірім сұрап, барлығы бірге "Достық мектебіне" аттанады.