Құттықтау. Ойлар. Бақытты болашақ!

Құттықтау.  Ойлар. Бақытты болашақ!
жеке
блог

Салем бәріне!  

 

Аяулы, а с ы л ЖАНДАР мерекелеріңізбен! Өмірде  өз орындарыңызды тауып,  журектеріңізге мейірім, махаббат ұяласын.



Массагеттегі қыздар, нағыз қазақтың қыздары! Ыйбалы, инабатты, тәрбиелі екендері, сөз саптауларынан көрініп тұрады. Ақ боз ат міңген ханзадаларыңызды төзіммен, сабырлықпен күтіп, СОҢЫНДА БАҚЫТТЫ болыңыздар!!!

Ертең АНАМНЫҢ  мерекесі.  Менің анам Өте жақсы адам. Мені ойлап, алаңдап жүреді. Жақсылап тамақтан,  қыдыр,  көңіл көтер деп хабарласып тұрады. Әлденеге алаңдап,  көңіл хошым болмай жүрсем, даусымнан-ақ біліп қояды. Ғашық болған кезімде де, ақылын айтып еді. Әлгі адамды ойлап, мазам қашып жүргенде,  шәй үстінде,  ыңғайын тауып, әкеме қалай ғашық болғанын айтып беріп еді. Бірде анама бағалы сыйлық та жасадым. Анам, сен аман жүрсең,  содан қымбат сыйлық жоқ деп еді. Анам үшін жұмыста биік белестерді бағындырып, анама ұқсайтын жар алып, қаланың сыртына улкееен Үй салып, анам әкем бәріміз бақытты ғұмыр кешеміз. Аллам, сол күнге жеткіз.