Кұттықтау

Кұттықтау
жеке
блог

Кеш жарық «Ақ тілек» бағдарламасының жүргізушілері, халықтың ықыласы мен құрметіне бөленіп отырған

Әсел Ергешқызы, Гүлшат Тәкежанова, Бағдагүл Рахметқызы, Мөлдір Жанбаева !

Жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы Наурыз мерекесі құтты болсын!
Өздеріңіздің әсем де сыңғыр, әуезді де нәзік үндеріңіз арқылы алыстағы жақындарымыздың қуанышына ортақтасуға дәнекер болып отырған еңбектеріңізге табыс тілейміз! Сіздер бұл күнде өздеріңіздің қоңыр үнді дауыстарыңызбен Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі әр шаңыраққа жан жылуын сыйлап, қуанышқа бөлеп, әр сөздің құдіретін әр жүректен орын алатындай етіп жеткізіп, халықты қуанышқа бөлеп отырсыздар, Сіздерге мыңда бір рақмет! Осы Наурыз мерекесі Сіздерге, отбасыларыңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, отбастарыңызда шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын! Жандарыңыз күн нұрындай жарқырап, көңілдеріңіз мейірімділік пен шапағатқа тола берсін, тыңдармандарыңыз көп болсын-дей отырып,

Сіздерге мынадай өлең жолдарын арнаймыз: 

Жыл сайын қуанышқа бөленіңіз,

Бақытқа отбасылық кенеліңіз!

Жұмыста еңбегіңіз бағаланып,

Шаттықта, қуанышқа кенеліңіз!

                              Ізгі тілекпен тұрақты тыңдармандарыңыз әрі үнемі құттықтау хат жолдаушылардың атынан Алматыдан Аружан .