Дүниежүзінде спорттық шаңғы тебу үлкен қызығушылыққа ие қысқы спорт түрлерінің қатарында. Шаңғы тепкен адам тек көп қимылдап қана қоймай, таза ауа жұтып, біраз шынығатыны рас. Әрдайым шымыр болуы тиіс құтқарушылар, бұл спорт түрінің пайдасын жақсы үғынған. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Алматы» ауданы ТЖБ-ның ұжымы отбасы мүшелерімен бірге аптасына екі рет шаңғы тебу үшін бас қосады. Таза ауада спортпен шұғылдану – салауатты өмір салтын ұстанған әр азамат үшін үлкен қуаныш екендігі сөзсіз. Департамент мамандарының айтуынша, дәл осындай белсенді спортпен шұғылдану – азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет етіп жүрген жандарға аса қажет. Әріптестеріне үлгі боларлықтай азаматтардың спортқа деген құлшыныстары тек оң нәтижелерге жетелейтініне сенім мол.