Күтемін...

Күтемін...

(... ғашық болмадым... талпындым... жете аламын ба?)

 

Жайлы көктемнің бұлағымысың,

Бүршіксің бе әлде жаңа жарылған?

Төлдеген елік лағымысың,

Алыстап кетпеші, қорқам, жалынам...

     Аптап ыстығы тасыған жаздың,

     Әлде жайнаған гүлімісің?

      Көбелек қуып, гүл терген қыздың,

     Тамылжи шыққан үнімісің?

Жапырақ біткен жерге төселген,

Нөсерлі күздің тұманымысың?

«Жаным» да «әнім» бір сен ғана деген,

Жүрегімнің сен тұмарымысың?

     Ақ ұлпа қарлы қақаған қыстың,

     Аязы үрлеген суығымысың?

     Шаршадым, жаным, сені таппадым,

     Сырымды менің ұғынамысың?

Өзіңсіз көктем күні де батып,

Гүлдерді тердім жаз жайлаудан.

Бір сенсіз күздің күні де батып,

Тынбадым қыста сені ойлаудан.

     Елес бейнеңе үнсіз қараймын,

     Қарайм да бір сәт мұңаям.

     Жаныңа, әттең, бара алмаймын,

     Бола алмайм, кешір, жан саяң...

Әрине, бәрі өткінші... жалған,

Дегенге жету - бір арман.

Жүрекке мәңгі өшпес от салған,

Сені, аяулым, күте... сағынам...



Бөлісу: